Жаңалықтар

Дәретханада баллоннан бұрыш шашқан: Алматыда бірнеше оқушы зардап шекті

Дәретханада баллоннан бұрыш шашқан: Алматыда бірнеше оқушы зардап шекті
Фото: polisia.kz 29.03.2023 14:57 807

29 наурыз Алматы қаласы ПД-нің ЖБО-на Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушылардың реакциясы туындағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады.

Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға