Жаңалықтар

Даосизм ілімі Шыңғысханды таңғалдырып, кісі өлтіруді азайтуға көндірді – Ли Синьцзюнь

Даосизм ілімі Шыңғысханды таңғалдырып, кісі өлтіруді азайтуға көндірді – Ли Синьцзюнь
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.10.2023 12:10 2202

Қытай даосистер қауымдастығының Бейжіңдегі «Байюньгуань» ғибадатханасының қараушысы Ли Синьцзюнь адам өмірі барлығынан құнды екенін және даосизм бұл қымбат өмір діні екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытай ұлты – бұл терең мәдениеті мен ұзақ тарихы бар мемлекет. Даосизм – Қытайда 10 мыңжылдық тарихы бар бұрыннан пайда болған діни ағым. Соңғы жылдары Қытайдың шет елдермен байланысы артқандықтан, даосизм көптеген елдерге тарады. Даосизм бейбітшілікті қалайтын ел және әлемді сүюге шақырады. Даосизмнің негізін қалаушы Лао Цзы 76 жасында аязды, батпақты күндерді еңсере отырып, талай елді аралап, моңғол империясының басшысы Шыңғысханға дейін барды. Шыңғысхан үлкен әскери күшке ие еді. Ол күшпен өзінің жоспарын жүзеге асыруға ұмтылды. Сол кезде Цзы Шыңғысханды жанашырлықпен даосизмнің шынайылық рухымен таңқалдырды және оны аспанды құрметтеуге, халықты сүюге, кісі өлтіру санын азайтуға көндірді. 800 жыл бұрын Цзы Батысқа сапар шегіп, мыңдаған адамды өлімнен құтқарып қалды. Даосизм саяси лидерлердің арасындағы ғана емес, соғыс пен бейбітшіліктің арасындағы күрес болып табылады, – деді ол.

Даосизм ілімі Шыңғысханды таңғалдырып, кісі өлтіруді азайтуға көндірді – Ли Синьцзюнь
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Сондай-ақ ол әлі күнге дейін бүкіл әлемде қауіп-қатерлер орын алып жатқанын және үлкен алып мемлекеттер арасында бір-бірімен дінаралық шиеліністер барын айтты.

Адамзат түсініспеушіліктің барлығын жуып-шаюдың әртүрлі жолдарын бастан өткеруде. Біз діни даналықты осы тұрғыдан пайдалануымыз керек. Елдердің, өркениеттің арасында шиеленісті болдырмауымыз қажет. Барлық әлемде бейбітшілікті сақтауға ұмтылғанымыз дұрыс. Ең алдымен адам өмірінің құндылығын пайдалана білейік. Даосизм – бұл қымбат өмір діні. Пайда болған уақытынан бері денсаулық пен өмірді ұзартумен ұмтылып келеді. Адам өмірі барлығынан құнды. Өмір жолы – біздің негізгі мақсатымыз, – дейді Қытай даосистер қауымдастығының Бейжіңдегі «Байюньгуань» ғибадатханасының қараушысы Ли Синьцзюнь.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға