Жаңалықтар

Данияр Елеусінов UFC басшысымен келісімшартқа қол қойды

Данияр Елеусінов UFC басшысымен келісімшартқа қол қойды
Фото: Instagram/yeleussinovdaniyar 14.03.2025 06:04 2281

Отандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Данияр Елеусінов – Дана Уайттың жаңа бокс лигасымен келісімшарт жасаған алғашқы қазақстандық боксшы, - деп хабарлады All Stars Boxing промоутерлік компаниясы. 

Жақында Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірге жаңа бокс лигасының құрылғанын жариялаған болатын. Бұл жоба қазіргі төрт ірі бокс ұйымының жүйесінен ерекшеленеді. Онда әр салмақ бойынша тек бір ғана чемпион болады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов – IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Ол осы наурыз айында Астанада өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізуі керек болған. Алайда бұл жекпе-жек өтпей қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға