Копенгагенде Ирактың Даниядағы елшілігі ғимаратының алдында Құран көшірмелерін өртеу акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арандату шарасын "Danske Patrioter" ("Дат патриоттары") тобының мүшелері ұйымдастырды.
Олар акцияны әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетті.
Оқи отырыңыз:
Ұйымдастырушылар бұл әрекетін Бағдадтағы Швеция елшілігіне жасалған шабуылға наразылық деп түсіндірді.
Акция полицияның күшейтілген күзетімен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мароккода мигранттар мінген кеме суға кетті
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды