Даниал Ахметовтің қызы мемлекеттен субсидия алып келген

Даниал Ахметовтің қызы Павлодар облысында жеке кәсіпкер ретінде субсидия алып отырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет кулуарында тілшілер ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен осы мәселенің анық-қанығын сұрады.
Оқи отырыңыз:
- Төреғали Төреәлі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
- Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы ұсталды
«Бір өңірді басқарған әкімнің қызы мемлекеттен субсидия алғаны қаншалықты дұрыс?» деген сауалға министр былай деп жауап берді:
Gosagro.kz сайтында 51 мың тіркелген. Олардың бәрі тауар өндірушілер. Олар жерін, малын көрсетеді, ешкім олардан сенің әкең не шешең кім, өзің кімсің деп сұрамайды. Мен министр ретінде тауар өндірушілерді бөле-жара алмаймын. Заң аясында болса, оған ешкім ештеңе дей алмайды. Оның ата-анасына, тұрмыс деңгейіне қарамаймыз. Қазір бәрінің ата-анасын анықтап отыратын болсақ, ол бассыздық болып кетеді. Субсидия алуға заңды негіз болды ма? Міне, осы мәселе маңызды. Соны анықтау керек, – деді Ербол Қарашөкеев.
