Жаңалықтар

Даниал Ахметов: Риддердегі кемшілікті төрт айда реттеуге болады

Даниал Ахметов: Риддердегі кемшілікті төрт айда реттеуге болады
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official 19.04.2023 13:33 927

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Үкіметтен Қазақстандағы энергетикалық кәсіпорындарды тезірек мемлекет меншігіне алуды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оның айтуынша, Риддердегі төтенше жағдай режимі әлі жойылмаған. Әрі 70 жылдан асқан қазандықтар қаланы жылытуға қауқарсыз және күрделі жөндеуді қажет етеді. 

Даниал Ахметов соңғы сегіз жыл ішінде жағдайды түзету үшін не істегенін айтты. 

Наурыз айынан бері көмірді, тіпті жүмысшылардың жалақысын өзіміз төлеп жүрміз. Бұл өте күрделі мәселе. Бірақ Президент тапсырмасына сәйкес жаңа заң қабылданып, Риддерді өзімізге алсақ, төрт айдың ішінде жөндеу жұмысын сапалы өткізетін боламыз,— деді Ахметов.

Сондай-ақ облыс әкімі кеше екі және бүгін үш қазандық жұмыс істеп тұрғанын айтты. 

Кемшілік бар. Дегенмен оны шешу жолы тек заң жүзінде шешілсе, не істеу керегін және қай уақытта жасау керегін жақсы білеміз. Біз осы станцияны өзімізге алуымыз керек. Кем дегенде төрт ай уақыт қажет, — деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға