Жаңалықтар

Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда фермерлерге білім беру жүйесі жоқ – Ақылбек Күрішбаев

Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда фермерлерге білім беру жүйесі жоқ – Ақылбек Күрішбаев
Фото: senate.parlam.kz 19.10.2023 14:55 876

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ректоры Ақылбек Күрішбаев еліміздің ауыл шаруашылығындағы бірқатар мәселені атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Мәжіліс депутаттарымен бірге өткен «Аграрлық ғылым – ауыл шаруашылығы өндірісі» дөңгелек үстелінде айтты.

5 ай бұрын елімізде Президент жанындағы ұлттық ғылыми академия құрылды. Ұлттық ғылыми академияның негізгі мақсаты - ұлттық ғылыми саясатты анықтау, соның ішінде аграрлық саясатты анықтау. Биыл Қазақстанда аграрлық ғылымның жетістігі басқа дамыған елдер сияқты өндіріске тиісті деңгейде енгізілмейді. Бұл сұраққа біздің шетелдік серіктесіміз былай жауап берді: мәселе фермерлерде емес, ғалымдардың өздеріне байланысты. Егер жоғары өнімді супер сұрыптап, жоғары тиімді агротехнологияларды шығарса, фермерлер өздері кезекте тұрып, ғалымдардың тәжірибелерін сатып алады. Ал неге бізде ондай сұрыптар жоқ, - деді университет ректоры.

Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар мәселеге тоқталды.

Біріншіден, мәселе қаржыға байланысты. Бүгінде Қазақстанның барлық ауыл шаруашылық дақылдарына 1 млрд теңге бөлінеді. Бұл 1 млн доллардан сәл асады. Ал дамыған елдерде бір дақылдың бір сортына ең аз дегенде 1 млн доллар жұмсалады. Яғни біздің қаражатымызға супер сорт шығару мүмкін емес, - деді ол.

Екіншіден, мәселе – тәсілде. Ол дамыған елдерде сорт биотехнология тәсілі мен зерттеулер нәтижесінде жасалатынын атап өтті.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, қуаңшылық кезіне төзімді сортты шығару үшін басқа мемлекетте шығарылған ең үздік геотипті әкелу, өздерінің сорттарымен шатыстырып, оны жергілікті жағдайға бейімдейді. Ал бізде не керекті биотехнологиялық зертхана, не жылыжай жоқ және басқа елдердің ұлттық генетикалық өсімдігінің құрылымы жоқ.

Агроқұрылымдағы тағы бір маңызды мәселе – ғылыми кадрларға байланысты. Бұл жерде шетелдің ғалымдары бізге: "сіздер реформаны жасағанда агрорлық ғылымның басқару жүйесін өзгерте бересіздер" дейді. Ал шын мәнінде агрорлық құрылымның басқару формасын емес, мазмұнын өзгерту керек. Бір сөзбен айтқанда, біз ойымызға келгенді жасай бермей, дамыған елдердің тәжірибесімен жұмылдыруымыз қажет. Ал қазір ол елдердегі ғылым мен білім жүйесінің даму тренді – бұл ғылыми зерттеу университеттері. Университет, ғылыми зерттеу институты, тәжірибе шаруашылығы, яғни зертхана, аудитория өндірістің үлкен жобасы болады. Бұл заманауи, ғылыми кадрларды дайындаудың тиімді, инновациялық әзірлеудің ең қысқа жолы, - деді ректор.

Ол Мәжіліс депутаттарынан елімізде жаңадан құрылған аграрлық зерттеу университеттеріне тиісті қолдау көрсетіп, керекті қаржы бөліп, жұмыла жұмыс істеуге мүмкіндік жасауды сұрады.  

Егер кейбір зерттеу орталықтары біз күткендей жұмысты атқармаса, қатені жөндейміз. Зерттеу университеттерінің дамуына материалдық қаражат бөлмесе, олар қалай халықаралық деңгейге көтеріледі? Мысалы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми зерттеу университеті болғанына 3 жыл болды. Сол 3 жылдың ішінде даму бағдарламасына сәйкес бір теңге де қаражат бөлінген жоқ, - деді Күрішбаев.  

Ақылбек Күрішбаев дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда фермерлерге білім беру жүйесі жоқ екенін айтты.

Шетелдерде бұл жүйелер шешілген. Зерттеу университеттері ғылыммен айналысады, жоғары білікті кадр дайындайды және фермерлерге білім береді. Мысалы, біздің серіктесіміз АҚШ-та әрбір ауданда білім тарату орталықтары бар. Олардың жұмысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілген. Осы механизм арқылы ғалымдар фермерлердің өзекті мәселелерін біліп отырады, университет сол арқылы ғылымның жағдайын анықтайды. Ал ауыл шаруашылығы өндірісіне ғылыми жетістіктер уақытында енгізіліп отырады, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға