Жаңалықтар

Дальтонизм емделе ме?

Біле жүріңіз!
Дальтонизм емделе ме?
17.01.2017 10:52 18246

Дальтонизм ауруының қандай типтері бар? Қоғамда осы ауруға шалдыққан жандардың құқығы қаншалықты қорғалған? Дальтониктер кез келген жұмысқа орналаса ала ма? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын төмендегі материалдан оқи аласыздар.

Мына суреттен не көріп тұрсыз?

 

Сандарды көріп тұрмын

Осындай суреттер арқылы адамның түсті ажырату қабілетін байқауға болады. Түсті айыра білетін адам жоғарыдағы суреттен 42 санын көреді. Ал, дальтонизмге шалдыққандар екі санның бірін ғана анық ажырата алады. Бұл дальтонизмнің типіне байланысты.

Сонда дальтонизмнің әртүрлі типі бола ма?

Иә. Дальтонизм — көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаудың жалпы атауы.

Оның қандай типтері бар?

Ел арасында кең таралған тип мынадай: адам барлық спектр түстерін көргенімен, оларды ажырата алмайды. Қызыл түсті айыра алмайтын жандар жоғарыдағы суреттен 2 санын, ал, жасыл түсті «танымайтындар» 4 санын анық көреді. Сондай-ақ, көк пен сары түсті ажырата алмай қиналатындар да бар.

Ал, дальтонизмнің ең сирек және жағымсыз түрі — түстерді мүлде ажырата алмау. Оливер Сакстың осындай ауруға шалдыққан жандар тұратын арал туралы өте қызықты кітабы бар.

Дальтониктер түстерді қалай қабылдайды?

Бұл сұраққа сөзбен емес, видеомен жауап берген дұрысырақ.

Протанопияға (қызыл түсті айыра алмау) шалдыққан адамдар айналасындағы түстерді былай көреді:

 

Жасыл түсті ажырата алмайтындар былай көреді:

 

Сары және көк түстерді ажырата алмайтындар былай көреді:

Дальтониктер көп пе?

Баршылық. Кейбір мәлімет көздері қызыл және жасыл түстерді ажырата алмайтын ер азаматтардың саны 7 пайыздан 10 пайызға дейін екенін айтады. Қалған типтер осыларға қарағанда әлдеқайда аз кездеседі. Дальтонизм сәбиге анасының туыстарынан беріледі. Бірақ, бұл ауру әйел адамдарда өте сирек кездеседі деуге болады.

Сонда бұл тұқым қуалайтын ауру ма?

Иә. Бала дальтоник болып туылса, демек, оның анасы да дальтоник деген сөз. Ал, қыз бала туғаннан осы аурумен ауырса, оның әкесі де, шешесі де — дальтониктер. Түсті қабылдау қиыншылықтарының кейінірек пайда болатын түрлері де бар. Мысалы, ол жарақат алғаннан кейін басталуы мүмкін.

Дальтонизм емделе ме?

Жоқ, емделмейді. Бірақ, көзді арнайы көзілдіріктер тағу арқылы жаттықтыруға болады. Бұл саладағы ең танымал компания — EnChroma. Көзілдіріктердің ерекшелігі: линзасы қызыл, жасыл, көк түстерді қабылдау процесін күшейтеді.

Дальтониктер қандай салада жұмыс істей алмайды?

Көп салада. Адамдардың түсті ажырату қасиеті көптеген жұмысқа (мысалы, лаборанттан кондитерге дейін) тұрар кезде міндетті түрде тексеріледі.

Дальтониктер көлік жүргізе ала ма?

Иә. Көзі мүлдем көрмейтін зағип жандардың ғана көлік жүргізуіне тыйым салынған.

Дальтониктер бағдаршам түстерін ажырата ала ма?

Иә. Бағдаршамның ең жоғарғы сигналы жанғанда жүрмеу керектігін кез келген дальтоник біледі.

Бұл аурудың өмір сүруге кедергісі тие ме?

Кейде кедергісі тиеді. 2001 жылы «New York Times» газеті еңбек жолына дальтонизм кедергі болған адамдардың тағдырын баяндады. Мысалы, онда түрлі-түсті баспаның дәуірі келгенде жұмыстан шығуға мәжбүр болған Xerox компаниясы қызметкерінің оқиғасы айтылды.

Бірақ, кейде керісінше жағдайлар да болып жатады: ғалымдар 1940 жылы өзге адамдар камуфляж түсін айыра алмағанда, дальтониктер ажыратқанын дәлелдеген. Ол ол ма, кей дальтониктер саңырауқұлақтарды басқалардан жақсырақ іздейді.

Кей сайттардың көзі нашар көретін жандарға арналған нұсқасы бар. Ендеше, неге дальтониктерге арналған сайт нұсқасын жасамасқа?

Компаниялар бұл мәселеге енді ғана көңіл бөле бастады. Мысалы, Slack мессенджерінің дальтониктерге арналған нұсқасы бар. Ойын құрастыратын мамандар да қазір осы мәселе төңірегінде ойланып жүр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға