Дағыстанда жанармай бекетіндегі жарылыстан 13 адам қаза тапты

Махачкала маңындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты. Бұл туралы РФ ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Оқиға жұма күні кешке Дағыстан астанасының маңында орналасқан жаңа Хушет ауылында болды. ТЖМ жарылыс кезінде адамдар тұрған техстанция мен асхананың ғимараттары зақымданғанын хабарлады. 20-дан астам адам жарақат алды. Оқиғаның себептері анықталып жатып.
Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша тергеу басқармасы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету)», - делінген ведомство хабарламасында.
Республика билігі 28 қыркүйекті қаза тапқандарды еске алу үшін аза тұту күні деп жариялады.
