Дағыстанда әйелдерге никаб тағуға тыйым салынды
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
03.07.2024 14:06
795
Дағыстан мүфтияты қауіпсіздік шараларына байланысты әйелдерге никаб киюге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елдің бас мүфтиі Абдулла Салимов мәлімдеді. Себебі ұлттық саясат және дін істері жөніндегі министрлік тұрғындарға қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген. Салимовтің сөзінше, бұл тыйым қауіп түгелдей сейілген соң алынады.
Естеріңізде болса, 23 маусым күні Дербент пен Махачкалада қарулы шабуыл ұйымдастырылды. Белгісіз біреулер шіркеулер мен синагогада оқ жаудырды. Сонымен қатар жол-өткізу қызметінде атыс болған. Салдарынан 22 адам қаза тапты, оның ішінде 17-сі полиция қызметкері болса, бесеуі қарапайым тұрғындар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бір апта ішінде 60 субұрқақ тазартылды
Келесі жаңалық
Астанадан 13 мың текше метр қар шығарылды