Дағыстан мен Шешенстанда Telegram бұғатталды

Құқық қорғау органдарының ұсынысы негізінде Telegram мессенджері Дағыстан мен Шешенстанда бұғатталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Telegram-ды Солтүстік Кавказ федералды округінің екі өңірінде — Шешенстан мен Дағыстанда — бұғаттау туралы шешім құқық қорғау органдарының ұсынысы негізінде федералдық деңгейде қабылданды. Оны жиі қарсыластар пайдаланады, бұған Махачқала әуежайындағы тәртіпсіздіктер дәлел бола алады. Мүмкін, болашақта Telegram қайта іске қосылар, — деді ол.
Гамзатов әйгілі мессенджердің баламаларын пайдалануды ұсынды.
Әзірге жақсы баламалар бар, мысалы, «ВК», — деп толықтырды министр.
Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Махачқала әуежайында Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына байланысты Тель-Авивтен келген тұрақты рейстің келуі кезінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Тәртіпсіздікке қатысушылар Уйташ халықаралық әуежайының мүлкіне зақым келтірді. Биліктің 30 өкіліне қарсы заңсыз әрекеттер жасалып, олардың 23-іне әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілді.
