Дағдарысқа қарсы топты жинау
Қазіргі нарықтық әлемде компаниялардың келеңсіз оқиғаларға түсуі күн санап артуда. Бұл дағдарысты жағдайлар күтпеген жерден абайсызда орын алу мен қатар бәсекелерстермен қасақана ұйымдастырылуы да мүмкін. Қалай болғанда да, осы оқиғалар компанияның беделіне, тіпті болашақ өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Дағдарысқа қарсы топты жинау келесі факторларды ескеру арқылы жүру қажет:
- Мүшелердің біліктілігі (қызметкерлердің дағдылары мен шешім қабылдау құзыіреттілігі);
- Мүшелердің жұмылғыштығы (қызметкер өз қызметтік міндеттеріне кесел келтірмей қаншалықты өзге шұғыл жұмыстармен айналыса алатындығы).
Үлкен компаниядағы дағдарысқа қарсы топқа көбінесе келесі лауазымдағы адамдар кіреді:
- Компания директоры (дағдарысқа қарсы топты басқарады, ұйымның ресми өкілі, яғни БАҚ алдына мәлімдемелер жасауға шығады);
- PR-бөлімнің қызметкерлері (баспасөз-хатшысы – бұқаралық ақпарат көpдерімен қатынастың барлығын жүргізеді, ақпараттық материалдарды дайындауға және дағдарыс жағдайына мониторинг жүргізуге жауапты. PR-менеджер дағдарыстан шығуға арналған маңызды шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады. Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдармен байланыс орнатады. Сонымен қатар PR-бөлім дағдарыстан кейінгі шараларға жауапты;
- Қаржылай директор (атқарылатын шараларға қаржылылық қолдау көрсетіп отырады);
- Қауіпсіздік директоры (кадрлар бойынша менеджерімен бірігіп қызметкерлермен жұмыс жүргізеді, қажетті сараптамалар өткізеді, өзге мамандарға көмектеседі. Дағдарысқа қарсы топты жинақтауға жауапты тұлға болып тағайындалады);
- Заңгер (заңдық нормалардың қадағалануына және коммерциялық құпияның сақталуыана жауапты адам);
- Кадрлар бойынша менеджер (ұйымның ішінде қызметкерлермен жұмыс жүргізеді, сонымен қатар, ұйымдастырушылық сұрақтарымен айналысады);
- Бас инженер (өндіріске байланысты техникалық сұрақтар бойынша консультант қызметін атқарады).
Спикерді ұтымды таңдау дағдарыс кезінде маңызды рөл атқарады. Дағдарысты жағдайға дайындықтың маңызды тұстарының бірі дағдарыс кезінде жұртышылық және БАҚ алдында компания атынан шығып сөз сөйлейтін жауапты адамды таңдау болып табылады.
Бұл міндетке таңдалынған қызметкер мақсатты топтарға ақпарттың білікті көзіне айнала білу керек. Оның жұмысының мақсаты – орын алған жағдай туралы ұдайы ақпарат алып отырып, осы ақпаратты қажет етіп отырған аудиторияға уақытылы жеткізуін қадағалап, көмектесіп отыру.
Дағдарыстың масштабына, түріне және ерекшелігігне байланысты компанияның жaуапты тұлғасы ретінде ұйымның түрлі деңгейлерінің қызметкерлері тағайындала алады. Жұртшылықтың ілтипатына ие болу үшін компанияның өкілі, яғни тағайындалған қызметкер, белгіленген ерекшеліктері мен арнайы дағдылары болу керек. Компанияның жұмысында өзінің жоғары деңгейдегі біліктілігі мен білімін үнемі көрсетіп, халыққа дәлелдеп отыру керек. Тәжірибеге сүйенсек, жұртшылық білгір мамандардың қиын сұрақтарды шешу барысын бақылағанды жақсы көреді. Компанияның дағдарыс туралы дұрыс ақпаратталмағандығы, масштабы туралы сауатсыздығы туралы бір сыбыс кетсе, ол тез арада одан бетер қиындықтарға әкеледі. Ал егер компания өзінің болған жағдайға кінәсән мойындап, өзгелермен бірге жағдайдың қалыпқа келуіне қалауын әрдайым көрсетіп отырса, сәл қателік кеткен кезде компания жұртышылықтың тарапынан болатын үлкен сыннан құтыла алады. Соған қоса, спикердің сөзі байсалды әрі тиянықты болу керек. Жаргон сөздер мен нормативті емес лексиканы қолдануға қатаң тыйым салынады.
Осы айтылған қағидаларды сақтай отырып, келесі ұйымдық құрылымды көре аламыз.
Автор: Айгүл ШЕРНИЯЗОВА