«ДАҢҚ» ОРДЕНІНІҢ ТОЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ
Батырев Яков Иванович (21 наурыз 1910 жылы, Жамбыл ауданы Новомихайлов селосы – 1986 жылы Жамбыл ауданы Пресновка селосында) – еңбек және соғыс ардагері, 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 19271933 жылдары Новомихайлов селосындағы «Зорька» коммунасында, Буденный атындағы ұжымшарда, 19331939 жылдары Преснов МТСнда жұмыс істеді. 1941 жылдан 314атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. 1944 жылы мамырда 46атқыштар дивизиясының жекелеген 40мина тазалаушылар батальоны командирінің орынбасары болды. 1945 жылы қазанда туған ауылы Пресновқа келіп, тракторшы, комбайншы және бригадир болып еңбек еткен.
Васильев Семен Ефимович (16 ақпан 1894 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Пронькин селосы – 8 қыркүйекте 1972 жылы, Ресейдің Ставрополь қаласында) – қатардағы жауынгер, «Даңқ» орденінің 3дәрежесінің толық иегері. Прокопьевск қаласында шахтада жұмыс істеген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1941 жылдың тамыз айынан Екінші дүниежүзілік соғыстың майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Васильев 70атқыштар дивизиясының 538артиллериялық миномет полкінің байланысшысы болған. 1945 жылы армия қатарынан босатылып, Ақмола облысының «Белгородский» кеңшарында жұмыс істеген. 1964 жылы Ставрополь қаласына көшіп кеткен.
Голопятов Семен Федорович (15 ақпан 1918 жылы, қазіргі Ғ.Мүсірепов ауданы Раисов селосы – 8 желтоқсан 1987 жылы, сол ауданда Рузаев селосында) – 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Тракторшы, механизатор болып жұмыс істеді. 19361938 жылдары Қызыл Армия қатарына алынып, 1941 жылдан Ленинград майданының 310атқыштар дивизиясының 860артиллерия полкінде зеңбірек көздеушісі болды.
Дәрменов Әміреш (1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Жамбыл ауданы Жалтырша ауылы – 12 желтоқ сан 2002 жылы, сонда) – соғыс ардагері, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Соғысқа дейін колхозда есептеуші, санақ жүргізуші болып жұмыс істеген. 1941 жылдың желтоқсанынан бастап соғыс майдандарындағы ұрыстарға қатысқан.
Зинзивер Яков Акимович (18 тамыз 1920 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Новоприречный ауылы – 2 наурыз 1979 жылы, Украина, Донецк облысы) – 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысындағы ұрыстарға қатысқан. Кіші сержант, 302атқыштар дивизиясының 827атқыштар полкінің байланысшысы болған. І Украин майданында 1944 жылдан маусым айында жаудың бораған оғының астында үзілген 27 байланыс желісін іске қосқан. Донецк облысында тұрып, жұмыс істеген.
Кравченко Иван Степанович (1915 жылы Петропавловск қаласы) – 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1941 жылы қазан айынан бастап Кеңес Әскері қатарында болды. 6гвардиялық кавалерлер дивизиясының 28гвардиялық кавалерлер полкінің барлаушысы. Кравченко алты жауынгермен бірге Посад және Б.Заборовье деревняларына барлау жүргізіп, жау әскерлеріне шабуыл жасап, 12 неміс солдатын, 4 зеңбірек және 2 автомашинасын жойды.
Мосякин Кирилл Евгеньевич (1919 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Святодухов селосы – 1957 жылы, Ресей) – 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1930 жылы отбасымен Түмен облысының Андрюшино селосына көшіп кеткен. 1939 жылдың қыркүйек айында Қызыл Армия қатарына алынып, Отан соғысына 1941 жылдың аяғынан бастап қатысқан. 1947 жылы әскер қатарынан босатылып, Түмен облысы Андрюшино орман шаруашылығында жұмыс істеген.
Пуненко Андрей Алексеевич (16 мамыр 1918 жылы, Омбы облысы Называевский ауданы Виденькино селосы – 25 қаңтар 1995 жылы, Петропавл қаласы) – соғыс ардагері, 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1936 жылы отбасымен Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының (қазіргі М. Жұмабаев ауданы) «Политотдел» ұжымшарына көшіп келген. 19381940 жылдары кавалерия полкінде қызмет еткен соң «Политотдел» ұжымшарында жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысының майданына 1941 жылы 15 шілдеде алынған. Солтүстік майданның 314атқыштар дивизиясының құрамында ұрыстарға, Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысқан. Соғыстан кейін Петропавл қаласына келіп, т.б. бөлімшесінің тәрбиешісі, 1962 жылы Петропавл нан комбинатының наубайхана меңгерушісі болды. Ордендермен және медальдармен марапатталған.
Сыщенко Николай Николаевич (9 мамыр 1923 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Рузаев селосы – 10 наурыз 1979 жылы, Көкшетау облысының Щучинск қаласы) – 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Ұжымшарда жұмыс істеген. 1942 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына алынып, Ұлы Отан соғысының майдандарында 1942 жылдан ұрыстарға қатысқан. 238атқыштар дивизиясы 837атқыштар полкінің минометшілер тобының командирі болған. 1946 жылы әскер қатарынан босатылған. Щучинск қаласында тұрып, жұмыс істеген.
Ткачев Иван Леонтьевич (1920 жылы, Петропавл қаласы) – соғыс ардагері, 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1939 жылдан Қызыл Армия қатарында, ал 1941 жылдан майдандағы ұрыстарға араласқан. Севастопольді қорғауға қатысқан. Екі жылға жуық уақыт Қырым тауларындағы партизан отрядында барлаушы, рота командирі болған. Соғыстан кейін
Кемероводағы техникалық училищеде оқытушылық қызмет атқарған.
Толочко Петр Фомич (10 маусым 1922 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданының Березов селосы) – ардагер, 3дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына алынған. 1942 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының ұрыстарына қатысқан. 1946 жылы әскер қатарынан босатылып, жүргізуші болып жұмыс істеген. Рузаев ауданының Құрметті азаматы. 1945 жылы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысқан.