Жаңалықтар

Дәуітбек кесенесі

Кесене – бізге дейін біршама жақсы сақталып жеткен, орта ғасыр дәуіріндегі аймақтық ерекшеліктермен тұрғызылған сәулет өнерінің үздік нұсқасына жатады.
17.06.2014 10:43 22109

Қарахан кесенесінің жанында XIII ғ. күйдірілген кірпіштен соғылған Дәуітбек кесенесі орналасқан. XVIII ғ. екінші жартысында аспалы ойықты кіру есіктері тұтас қаланып, кесененің қазіргі келбеті қалыптасты.

Дәуітбек кесенесі

Оңтүстік қас бетінің жоғарғы бөліктерінде мұнаралар бой көтерген. Қайта қалпына келтіру нәтижесінде кесене күмбезді келбетке еніп, өзгертілді.

Дәуітбек баба туралы аңыздар ел аузында көп сақталған. Баба сол кездегі маңызды тұлғаның бірі, Қарахан бабамен туыстық байланыстығы болған. Т.Н. Сенигованың зерттеулерінде:«... жерленген тұлға қалам мен семсердің билеушісі, XIII ғасырдағы ірі қолбасшылардың бірі», - деп көрсетіледі.

Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан ортағасырлық мазар тарихы еліміздегі мемлекет тарапынан қорғауға алынған ескерткіштердің бірі. Ортағасырлық «Дәуітбек кесенесі» деп аталатын бұл жерде Ұлық Білге Икбалхан Дәуітбек-Шамансұр жерленген.

Кесене – бізге дейін біршама жақсы сақталып жеткен, орта ғасыр дәуіріндегі аймақтық ерекшеліктермен тұрғызылған сәулет өнерінің үздік нұсқасына жатады.

Кесене алғашында күмбезі жартылай иілген аркаға бекітілген төрттаған түрінде болған. Аркалар плиталардан қаланған тұғырға орналасты. ХІХ ғ. соңында аркалы кіре берісі мен қабырғалары кірпішпен қайта өрілгендіктен кесене қазіргі қалпына енді. Оңтүстік бұрыштарының жоғарғы жағы минарет тәріздес етіп жасалған. 
Қабіртастағы жазуды А.Б.Бартольд танып оқыған. Онда: 1262 ж. 31 наурызда қайтыс болған түркілік қолбасшы, «қалам мен қылыштың иесі, жаны таза момындардың жанашыр қорғаушысы» жерленген деген жазулар бар. Ал, 1939 ж. А.Беленицкий танып, оқыды. Тасқа басылған таңба бұл адамның ХІІІ ғасырда ірі әскери қолбасшы болғанын айғақтайды. Кесене қазіргі уақытта Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының қорғауына алынып, туристердің назарын аударған тарихи орынға айналған. 

Құрылымы күмбезді болып келген Қарахан және Дәуітбек кесенелері IX - XII ғғ. тән сәулет өнерінің ескерткіштері. Оның алғашқысы XI ғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағында мұсылман діні орныққан кезеңде соғылды. Көптеген зерттеушілердің пікірінше қарахандар әулетінен шыққан Ша-Махмуд Богра Қараханға арнап салғызған. Халық аңызы бойынша кесенедегі жерленген тұлғаны Айша бибі кесенесімен және олардың  арасындағы сүйіспеншілік сезімімен байланыстырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға