Жаңалықтар

Д.Тангиев: Оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда медиацияның даму қарқыны баяу

Д.Тангиев: Оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда медиацияның даму қарқыны баяу
06.08.2019 15:48 5879

Бірыңғай медиация күніне орай ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция аясында өткізілген тренингте «Қоғамдық келісім» КММ Медиация секторының меңгерушісі Джамбулат Тангиев Қазақстан Республикасында медиацияны дәріптеу қажеттігіне назар аударды.

«Оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда медиацияның даму қарқыны баяу. Еліміздің кей аймақтарынан медиацияның белсенді дамуын байқауға болады, қалған жағдайда біз осы бағыттың тұралап қалғанын көріп отырмыз. Тіпті пайданың көзіне айналдырып алғанды да біліп жатырмыз. Сирек болса да медиаторлар бүгінгі таңда ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен дауларды шешуде. Арасында дауды сыбайлас жемқорлық жолымен реттегенін білдік. Бұл жағдай медиацияға нұқсан келтіретіні сөзсіз», – деді Д. Тангиев. 

Д.Тангиев: Оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда медиацияның даму қарқыны баяу

Спикердің сөзінше, медиаторларға қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік беретін «Медиация туралы» заңға өзгерту енгізу қажет. Медиатор қоғамдықтан кәсібилікке қалай ауысатыны маңызды аспект болып табылады. Бұл кезде оны кім, қалай және қандай базада үйретпек деген сұрақ туындайды.

«Медиация Қазақстанда даму кезеңінде, сондықтан еліміздің тұрғындары бастапқыда оны қалай қабылдаса, ұзақ жылдарға сол әсер қалыптасып кететін болады: не әлеуметтік және азаматтық таза іс-әрекет, не сенімсіз сыбайластық ұйым.

Сондықтан ҚХА қамқорлығымен медиацияны қалыпты әрі сенімді деңгейге көтеру қажет. Оны коммерциялық медиаторларға балама ретінде «Қоғамдық келісім» КММ-де дамытқан жөн болар.

Көбіне дауласқан тараптар сотқа дейін жеткізбей, өзара шешу жолын таңдайды, бірақ бір тараптың қаржылық мүмкіндігінің жоқтығынан кәсіби коммерциялық медиатордың көмегіне жүгіне алмайды. Сол себепті қоғамдық емес, кәсіби медиаторлар пулын құру қажет, олар «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы медиация кабинеттерінде халықты тегін қабылдар еді.

Сонымен қатар оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысқа қабылдап, бюджет қаражатынан оқыту қажет. Ал олар өз кезегінде көрсетілген шартқа сәйкес белгілі мерзімде жұмыс атқарып, оқуына шыққан шығынды қызметі арқылы өтейді», – деді Медиация секторының меңгерушісі. 

Д.Тангиев: Оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда медиацияның даму қарқыны баяу

Спикердің айтуынша, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында ҚХА жастар қанатынының мүшелері тұрғындар арасында сауалнама жүргізген. Дәлірек айтқанда, сауалнамада «Сіз медиация туралы білесіз бе?», «Дау туындаған жағдайда медиатордың көмегіне жүгінесіз бе?», «Қазақстанда медиацияны дамытудың қажеттілігі бар ма?» және «Сотқа талап арызбен жүгіну қажеттілігі туындаған жағдайда, сіз медиаторға талапкер ретінде жүгінуге тырысасыз ба? Жауап беруші ретінде ше?» деген негізгі сұрақтар қамтылған.

«Сауалнама нәтижесі аса мәз емес, медиация туралы білгендердің қарасынан білмейтіндері басым, сенім танытпайды, тіпті қызығушылық жоқ», – деп, жүргізілген іс-шараның қорытындысымен бөлісті спикер.

Д.Тангиев: Оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда медиацияның даму қарқыны баяу

Сөз соңында Д. Тангиев бірнеше ұсыныс білдірді:

1. Аймақтық Достық үйлері үшін сайт және виртуалды қабылдаулар әзірлеу керек. Бұл ретте интернет-ресурстарды ҚХА хатшылығымен келісілген бір үлгі бойынша дайындау тиімді. Қолданыстағы интернет-ресурстар көңілге қонымсыз көрінеді және көбіне коммерциялық сайттарға ұқсайды.

2. Виртуалды қабылдаулар ҚХА медиаторы мен азаматтар арасында жоғары интерактивті құрал болуы тиіс.

3. ҚХА өңірлік құрылымдарының медиациясының әзірленген сайттарын заманауи құралдар арқылы виртуалды кеңістікте ілгерілету қажет.

4. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ҚХА медиаторының жағымды бейнесін қалыптастыру қажет.

5. Атқарылған және атқарылатын іс-шараларды жүзеге асыру үшін Достық үйлерінде қоғамдық және кәсіби медиаторлармен тоқсан сайын дөңгелек үстелдер өткізу.

6. Мектептерде ай сайын практикалық ойын тренингтерін өткізу қажет. Бұл өскелең ұрпақ арасында толеранттылық пен медиация негіздерін дамытуға мүмкіндік береді.

7. Аймақтық Достық үйлерінің медиация кабинеттерінде ай сайын ашық есік күнін ұйымдастыру.

8. ҚХА аясында медиацияның визит карточкасы болатын және ерекшелік сапасын танытатын ҚХА жанындағы медиация логотипін әзірлеу қажет.

Бөлісу:

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға