Дұрыс қарым-қатынас жасаудың жолдары. Бірінші дәріс
Кез-келген адам үшін ең тәтті сөз, оның атын атап мәміле жасау. Мүмкін біздің оқырмандарымыздың біреуіне бұл кеңес өте оңай сияқты түйілер. Расында, адамды атын атап шақырудан оңай нәрсе жоқ қой.
Алайда, бұл бір қарапайым қағида сізді қателестіруі мүмкін. Теория жүзінде кез-келген адам аталған ұсынысты орындай алады. Ал, практика не дейді?
Сіз өзіңіздің ең жақын досыңызға қоңырау шалыңыз да, онымен 5 минут сөйлесіңіз. Досыңыз сіздің атыңызды әр атаған кезде, саусағыңызды бүгіп санап отырыңыз.
Досыңызбен сөйлескен соң саусағыңызды неше рет бүктіңіз? Олай болса, Сізге қанша рет атыңызды атағанын өзіміз-ақ жорамалдап берейік.
Бір рет? Мүмкін сіздің атыңызды мүлдем атамаған да болар?! Ол сіздің ең жақын досыңыз емес пе? Қалғандары туралы не айтуға болады?
Енді елестетіп көріңіз, көптен бері көрмеген досыңызды көшеде кездестіріп қалдыңыз да, ол сіздің есіміңізді ұмытып қалғаны белгілі болды. Осы сәтте сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Сізге өте ауыр тиеді, себебі сіз ол адамның өмірінде айтарлықтай маңызды эпизодқа да ие болмапсыз!
Ал, керісінше, сіз көп уақыт бұрын жанама танысып қалған танысыңызды көшеде кездестірдіңіз де, ол сізді бірден атыңызды атап шақырды. Осы сәтте ішіңіз жылып қалатыны сөзсіз. Аз ғана сәттік танысуға қарамастан, ол сіздің есіміңізді жадында сақтап қалған. Демек, сіз оның есінде қалатындай сыйлы, жарқын және ерекше адам болғаныңыз.
Наполеон Бонапарттың одақтастары да, жаулары да бір нәрсеге таңғалып, әскері оны қатты сыйлаған екен. Себебі, ол тек қана өзінің әскерлерінің есімін ғана біліп қоймай, олардың әрбірінің қанша баласы бар, отбасы мүшелеріне дейін жадында ұстаған.
Енді, өзіңіз ой жүгіртіп көріңіз: білдей Францияның императоры, Еуропаның өте ықпалды монархы мыңдаған адамдардың есімін жадында сақтауға тырысқан. Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл демей ме?!
Әрине, бұл ерекше дарындылық пен есте сақтау қабілетінің әмбебаптылығынан болмаған. Наполеон Бонапарттың немересі Наполеон ІІІ қандай да бір адамның есімін есте сақтап қалуға барынша күш салған: Егер ол біреудің есімін жеткіліксіз, анық естімей қалса: «Кешіріңіз, мен сіздің есіміңізді дұрыс естімей қалдым», деп қайталап сұраған. Егер ол ерекше адам бола қалған жағдайда: «Есіміңіз қалай жазылады?», – деп әңгімелесудің барысында, сол адамның есімін қалайда жадында сақтап қалудың неше түрлі әдістерін қолданып үлгерген. Осылайша, ол керек адамның есімін жадында сақтаудың биік шыңына шыққан.
Сонымен, ол бұл нәрсені не үшін істеді? Мүмкін, бұл корольдің өзіне тән қыңырлығы болған шығар? Жоқ әлде Наполеон ІІІ өзінің атасына ұқсағысы келді ме екен?
Жоқ, әрине. Ол жай ғана жүз жылдан кейін Франклин Рузвельт қайта-қайта қайталап айтқан кішкене бір ақиқатты білді: «Сайлаушының есімін есте сақтау – бұл мемлекетті басқару өнері. Ұмыту – өзінің міндетін ұмытып кетудің бір көрінісі».
Яғни, сіз кездестірген әрбір адамның есімін есте сақтау – бұл адамдарды басқарудың өнері.
Барлық адам баласы өзін мақтағанды, мақұлдағанды және жылы сөздерді естігенді ұнатады. Алайда, бірде-бір жылы сөз, мақтау немесе мақұлдау оның атын атап шақырғандай жүрегіне әсер ете алмайды екен. Неге?
Шығыстың мистикалық дәстүрінде адамның есімінде оның адамшылық жан-дүниесі жасырылған деп саналады, сіз қанадай да бір адамның есімін атау арқылы оның ішкі жан-дүниесіне қозғауға саласыз.
Адамның есімі – кез-келген адам дүниеге келгенде есітетін бірінші сөзі. Ешқандай да ананың сөзі, өзінің баласының есімін атағандай жиі аталмайды. Әрбір адамның санасында оның есімі аналық жылулықпен, махаббатпен, қамқорлықпен сіңісіп қалыптасады.
Біздің ішкі жан-дүниемізде кімде-кім есімімізді, анамыз сияқты атап шақырса, ол адам бізді бұл әлемдегі ең қажетті адам деп санайтынына сенімді боламыз. Біздің ақылымыз үнемі осылай болады дегенді қабыл ала бермеуі мүмкін, десе де адамның бейсанасы өзінің есімін атаған дауысқа жалтаңдап тұрады.
Адамның есімін атау-бұл дерлік сиқыр сияқты. Бұл сиқырға ие болу өте оңай, алайда, басқа да сиқырлы әрекеттер сияқты, бұл сабақтың да өзіндік құпиясы бар.
Сіз бір адамның есімін атаған кезде, сіздің дауысыңыз ашулы немесе ресми, дөрекі болып естілмеуі керек. Сізге бұл нәрсені істеудің ешкімнің мәжбүрлеуінсіз және жылы айтуды үйрену қажет. Үйрену көп уақытты алмайды, даусыңызбен және интоннацияңызбен жұмыс істеуге көп те күш кетпейді.
Сізге бар жоғы біреудің есімін атаған кезде ерніңізді жартылай жымиған күйде ұстау керек. Бұл сіздің дауысыңызға жылылық пен еркіндік береді.
Әрине, бүл іспеттес біліктілік аздап жаттығуды қажет етеді. Десе де, сізде күнде жаттығу жасай алу мүмкіндігіңіз болады, әрі әртүрлі адамдармен!
Біз сізге күнделікті «жол жөнекей» қасыңыздан өтетін адамдармен жаттығу жасауға кеңес береміз. Мысалы, басқа бөлімнің қызметкерлерімен деген сияқты. Күнделікті сіздің өміріңізде мынадай категориядағы адамдар бар: сіз оларды көрген де «Саламатсыз ба», «Қош болыңыздан» ары аспайтын. Бізде бұл адамдармен ортақ ештеңе жоқ, айтарлықтай негіз болған жағдайда ғана, біз олардың біреуімен жақындасуға әрекет жасаймыз. Алайда, дәл осы категориядағы адамдар бізге бірінші сабақты үйренуге әдемі келіп тұр. Бізге бар жоғы күнделікті «Саламатсыз ба», «Сау болыңыз» деген сөздерге бір ғана сөзді қосып айту қажет. Оның қандай сөз екенін өзіңіз де біліп тұрған шығарсыз!
Дәурен Өмірәлі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының магистранты