Жаңалықтар

Нашақорлық мәселесі елордалық Полиция департаментінің бақылауында

Бұл туралы Нұр Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Нашақорлық мәселесі елордалық Полиция департаментінің бақылауында
Фото: news.myseldon.com 06.07.2022 18:27 1481

Дәріханалық нашақорлық мәселесі елордалық Полиция департаментінің бақылауында, — деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Нұр Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Рейд шаралары барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Сарыарқа» ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Жангелдин және Дүкенұлы көшесіндегі екі дәріханадан құрамында кодеин бар препараттарды қолдану фактісі расталған.

Жиырмадан астам адамды медициналық куәландыруға жеткізді.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыларға дәріханалардағы лицензияны қайтарып алуға дейін тиісті шаралар қолданып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға