Жаңалықтар

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Елбасының парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдайды

Тәуелсіздік таңы атар тұста, ең алғашқы қоғамдық ұйымдардың бірі болып құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстанның атамекеннен жырақта тұратын әлем қазақтарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді.
23.01.2016 07:42 4224

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Елбасының Мәжілісті таратып, парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдайды.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Елбасының парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдайды

Тәуелсіздік таңы атар тұста, ең алғашқы қоғамдық ұйымдардың бірі болып құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстанның атамекеннен жырақта тұратын әлем қазақтарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Азаттықтың алғашқы күндерінен бастап елімізге әлемнің әр қиырынан бір миллионға жуық қандасымыз көшіп келді. Бүгінде олар қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп, қастерлі Қазақстанымыздың дамуына сүбелі үлес қосуда. Сонымен бірге, шет мемлекеттерде тұратын бауырларымызбен тығыз рухани қатынас орнады. Қазір Ұлы Дала Елінен тысқары жердегі әрбір қазақ тарихи Отанының қамқорлығын сезінуде. Олар атамекенінің гүлденіп, «Мәңгілік Ел» болуына тілектес. Бұл Бес институттық реформаны жүзеге асырудың Ұлт Жоспары мен дағдарысқа қарсы стратегияның табысты жүзеге асуына тікелей байланысты. Еліміз үшін тағдырлы маңызы бар осы екі міндетті мүлтіксіз орындау үшін халықтың жаңа сенім мандатына ие болған президенттік реформалар Парламенті қажет.

Осыны ескере отырып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімін толығымен қолдай отырып, барша отандастарымызды оның жүзеге асуына үлес қосуға шақырады.


Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға