Жаңалықтар

Дүнген қызы арманым

Жаһандану үрдісіне қарамастан, Қазақстан халық Ассамблеясының этнобірлестіктері салт-дәстүрін жоғалпай, мәдениеттер арасындағы әсем үндестікті өзара толықтырып келеді.
27.10.2014 05:37 14302

"...Қиял қанша ертегі елес

Дүнген қызы арманым

Кез боп келсе ертелі кеш

Сенен көзді алмадым

Өзгені емес, өзіңді ойлап жүр едім

Түсінер деп бір қазақтың жүрегін сырғалым..."

Сабыр Асанов

Қазақ жігітінің жүрегін жаулаған дүнген қызы қандай болды екен? Осы сұрақтың жауабын алу үшін әуелі дүнген халқы туралы білген жөн. 

Дүнген қызы арманым

Қиын-қыстау заманда Қытайдың Іле аумағынан Жетісу жеріне қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді қазақ халқы жылы қабылдап, туған баласындай бауырына басқан болатын. Содан бері бұл ұлттар арасында тату-тәтті қарым-қатынас нық орнап, достық-бауырластық байланыс ұрпақтар арасында өз жалғасын тапты.

Дүнген қызы арманым

Жаһандану үрдісіне қарамастан, Қазақстан халық Ассамблеясының этнобірлестіктері салт-дәстүрін жоғалпай, мәдениеттер арасындағы әсем үндестікті өзара толықтырып келеді. Солардың арасында Жамбыл облысындағы «Вынхуа» дүнген ұлттық мәдени орталығы мен дүнген жастарының бірлестігі өңірдегі барынша белсенді бірлестік болып табылады.

Дүнген қызы арманым

Негізі, дүнгендер өте еңбекқор, төзімді, көпшіл халық. Дүнгендерде бала саны көп болған сайын отбасының бақыт-берекесі мол болады деген сенім бар. Сондықтан да әрбір дүнген жанұясында кем дегенде төрт баладан болады екен.

 Дүнген қызы арманым

Дүнген халқының салты бойынша күйеу жігіт қыздың отауына арнайы келіп, қызды қолынан жетектеп, қыздың әке-шешесінен бата сұрайды. Қыздың әкесі екі жасқа бата бергеннен кейін қыздың отауына қалыңдық пен жігіттің жора-жолдастары кіріп, қыздың жасауын жинауға кіріседі. Дәл осы кезде қалыңдық жағының жігіттері үйдің ортасына отты лаулатып қойып, қыз жасауын үйден шығармауға тырысып бағады. Бұл тартыста жігіт жағы жеңсе ғана қыз жасауын алып кете алады. Кей жағдайларда жігіт жағы қыз жақ жігіттеріне сыйақы беріп алып кетеді. Бұл рәсім бір жағынан әзіл-қалжыңға құрылса екінші жағынан жасауды тегін емес, ақша беріп алып кетуге мәжбүрлеу. Ал от қойғандағы ырым екі жастың махаббаты әрқашан оттай лаулап жанып, берік болсын, өмір жолы оттай қызу болсын дегені.

Дүнген қызы арманым

Жалпы дүнгендерде балаларға да, ересектерге де арналған әртүрлі ұлттық ойындары бар. Олардың көбі ойын-сауық ретінде ғана емес, сондай-ақ балалардың ақыл-ой тәрбиесінде, физикалық, тәрбиелік-танымдық мәнге ие болды. Кейбір ойындар спорттық жарыс түрінде болды.

Дүнген қызы арманым

Қарап тұрсақ, бесіктен басталатын тәрбие қазақ пен дүнгенге ортақ екен. Содан да болар екі жақтың мәдениетінде де, салт-дәстүрінде де бауыластық пен туыстықтың иісі аңқып тұрады. Содан да болар, қазақ пен дүнген ағайын-бауыр ғана емес, құда-жекжат болып жатады. Мына суретте ұлттық той көйлегін киген дүнген қызы, басын иіп тұрған тұрысынан-ақ қыз балаға тән ұяңдық пен инабаттылық сезіледі. 

Дүнген қызы арманым

Тақырып бойынша мақалалар: Дүнген халқының салт-дәстүрлері, Дүнген халқының ұлттық тағамдары мен олардың ерекшеліктері, Дүнген халқының ұлттық ойындары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға