Жаңалықтар

D дәрумені жетіспесе не болады?

D дәрумені жетіспесе не болады?
Фото: © Pixabay.com 20.02.2024 16:16 2965

D дәрумені ағзамыздың қалыпты жұмыс жасауы үшін қажет. Ол кальций, фосфордың сіңуіне көмектеседі,  сүйек бұлшықет жүйесін нығайтады (рахит, остеомаляция дамуының сүйек сынуының қаупін азайтады), көмірсулер мен майлардың алмасуын реттейді (қант диабеті мен семіздіктің алдын алады), жүйке жүйесіндегі жасушаларды қорғайды (есте сақтау қабілетін жақсартады, көңіл-күйді көтереді, психоздың, депрессияның алдын алады), қанайналым ағзаларының қызметіне қолдау жасайды, репродуктивті функцияны ынталандырады.

D витамині жетіспесе не болады

Қай жасыңызда бұл дәруемннің жеткіліксіздігіне ұшырағаныңызға байланысты. D дәруменін бес жасқа дейінгі балаларға дұрыс дамуы үшін ішкізеді. Сондай-ақ аяғы ауыр әйелдер мен емізетін аналарға да тағайындайды. Мектеп жасындағы балалар мен ересектерде де D дәруменінің жетіспеушілігі болуы мүмкін.  Витаминнің тапшылығын сүйектердің сынғыштығынан аңғаруға болады. Оған жеткізбес үшін «қызыл сигналды» дәл уақытында анықтаған жөн. Бұл дәруменнің жетіспеушілігін:

- әрдайым шаршап жүруден;

- жиі тұмауратудан;

- шаштың түсуінен;

- терідегі жаралардың ұзақ жазылуынан;

- буын, арқа мен бұлшықеттердің ауруынан аңғаруға болады.

Қауіп тобына кіретін адамдар бар, оларда D дәрумені тапшылығына  жиі ұшырайды:

- емізулі бала, балалар қоспасында қосымша D дәрумені болғанымен, ана сүтінде тапшы;

- егде жастағы кісілер, жас келе тері D  витаминін қажетті мөлшерде өндіре алмайды;

- бидай өңді адамдар;

- асқазан ішек жолдарында проблемасы бар және созылмалы дертпен күресіп жүрген адамдар;

- саңырауқұлаққа қарсы, тырыспаға қарсы, гормон, АИТВ препараттарын қабылдап жүрген кісілер.

Сонымен қатар, суық жерлерде өмір сүретін, таза ауа аз жұтататындарда дәрумен жеткіліксіздігі болуы ықтимал.

Дәл D витамині жеткіліксіз екенін қалай анықтауға болады

Әрине, өізімзге өзіміз диагноз қойып, дәруменді бей-беректесіз қабылдай беруге болмайды. Алдымен дәрігерге барып шағымдарымызды жеткіземіз. Сосын қанға сынама жасап, D дәруменінің жеткіліксіздігін анықтаймыз.

Қан сынамасы  25(OH)D көрсетеді. Мұнда D витаминінің басты формасы кальцидиол жасырынып тұр. Оның қалыпты деңгейі 30 нг/мл-дан (75 нмоль/л) жоғары.

D дәруменін қайдан табуға болады

Бұл біздің ағзамыз өзі өндіре алатын санаулы дәрумендердің бірі болып табылады. Бұған дейін, күннің көзінде жүрген адамның денсаулығы жақсы болады деген сөзді естіген боларсыз. Ол жай айтылмаған. Расымен де, күннің көзі арқылы ағзамыз D дәруменін өндіре алады. Бұл тәсіл сәуір айынан қазан айына дейінгі сағат 11 мен 15 сағат аралығында іске асады. Тағы айта кететін мәселе, ыстық күннің астында 30 минуттан артық жүрудің қажеті жоқ. Сондай-ақ күннен сақтайтын крем жақпаңыз. Кей адамдар күннің астында жүретін уақыт таппай, оны соляриймен алмастырса қалай болады деген сұрақ мазалауы мүмкін. Солярий тері рагын тудырады деген болжам бар.

Сонымен қатар, D дәруменін тамақ өнімдері арқылы алуға болады, мәселен жабайы арқан балық, майшабақ, жайын балық, саңырауқұлақ, сары май, ашытылған сүт өнімдері, жұмыртқа сарысы, ірімшік, сиыр бауыры және тағы басқа.

Бүкіл әлемді D дәруменінің жетіспеушілігінен 50-60% адам зардап шегеді.

Еске саламыз, егер қаныңызда дәруменің жетіспеушілігі анықталса, сізге D витаминін қосымша қабылау үшін оның мөлшерімен қабылдау узақтығын анықтау мақсатында дәрігердің көмегіне жүгінуіңіз керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға