Жаңалықтар

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Музей Алматы қаласы, Төлебаев көшесінің бойында орналасқан және екі бөліктен тұрады: музей-үй және мемориалдық музей-пәтер.
14.10.2014 06:10 18906

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақ елінің дамуына ерекше үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол сондай-ақ ғылымға да өте жақын болды.  Мұндай азаматтың өмірімен танысу, оның өмірлік ұстанымдарын зерттеу – әрбір қазақтың парызы, ал бұл үшін ең алдымен Д.А.Қонаев атындағы музейге бару қажет. 

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

1. Музей Алматы қаласы, Төлебаев көшесінің бойында орналасқан және екі бөліктен тұрады: музей-үй және мемориалдық музей-пәтер. Мұндағы музей-үй дегеніміз Д.А.Қонаевтың өмірі мен атқарған істеріне арналған жеке үй. Бұрын бұл композиторлар үйі болған. Музей-үйдің мекен-жайы: Төлебаев көшесі, 117.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

2. Бұл музей тұтастай Д.А.Қонаевтың кезіндегі қызметіне арналған. 

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

3. Д.А.Қонаевтың куәліктері.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

4. Дінмұхамед Ахметұлының жұмыс үстелі мен орындықтары.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

5. Димаш Ахметұлының өз қолымен жазған автобиографиясы.

 Сурет Д.А.Қонаев музейінен алынды

6. Қонаевтың отбасы қолданған заттар.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

7. Д.А.Қонаевтың костюм-шалбары мен дипломаты.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

8. Димаш Ахметұлының аң аулауға қызыққаны бәріне мәлім. Міне мынау сол аңшылық кезінде қолға түскен жануарлардың қатырылған бейнесі. 

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

9. Әртүрлі өңірлерде іс-сапарларда бола жүріп, Д.А.Қонаев көптеген зауыт-фабрикалардың жұмысымен танысып, олардың тиімді жұмыс істеуіне көп үлес қосты. Осы үшін қарапайым қызметкерлер сәті түсе қалған жағдайда Дінмұхамед Ахметұлына естелік сыйлықтар жіберіп отырған. 

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

10. Мемориалдық музей-пәтер 2012 жылы 12 қаңтарда Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына орай ашылды. Мемориалдық музейдің ерекшелігі сол, мұнда келген әрбір адам Д.А.Қонаев тұрған пәтерді өз көзімен көре алады. Пәтердегі заттардың орналасуы түгелдеу дерлік өзгеріссіз, сол қалпы сақталған. 1990 жылы Д.А.Қонаевтың жары Зухра Шәріпқызы қайтыс болған соң, Димаш Ахметұлын жалғыз қалдырмау үшін бұл пәтерге оның немере інісі Диар Қонаев өз отбасымен көшіп келді. Диар Қонаев бұл пәтерде 2011 жылдың соңына дейін тұрды. Мемориалдық музей де Төлебаев көшесінде орналасқан, тек сәл жоғарыда, 119 үйде.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

11. «PontiacGrandPrix»  автокөлігін Д.А.Қонаевқа 1992 жылы бизнесмендер Мұқан және Мұхтар Аухадиевтер сыйға тартқан. Аталған жәдігерді мұражайға Д.А.Қонаевтың туыстары тапсырды. Бұл Дінмұхамед Ахметұлының жалғыз жеке автокөлігі болған.»  

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Сурет Д.А.Қонаев музейінен алынды

12. Пәтер жұмыс бөлмесінен, зал мен холдан, демалатын бөлмеден және ас бөлмесінен тұрады. Сондай-ақ, пәтер астында жертөле де бар. Жұмыс бөлмесінде негізінен Д.А.Қонаевтың кітапханасы орналасқан. Мына екі суреттің алғашқысы Д.А.Қонаевтың әкесі мен анасына тиесілі. 

Сурет Д.А.Қонаев музейінен алынды

Сурет Д.А.Қонаев музейінен алынды

13. Д.А.Қонаевтың тұтатқышқа өте қызыққан, мұны білген шетелдік дипломаттар, саясаткерлер міндетті түрде тұтатқыш сыйлауға тырысқан.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

14. Д.А.Қонаевтың үйдегі жұмыс үстелі. 

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

15. Д.А.Қонаевтың визит картасы тым қарапайымдылығымен ерекшеленеді. 

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

16. Зал және холл.

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

17. Д.А.Қонаев пен Зухра Шәріпқызының жатын бөлмесі. 

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

Д.А.Қонаев музейіне фотосаяхат

18. Ас бөлмесі және Д.А.Қонаев жақсы көретін кепкен тоқаш (сушки)

Мұражайдың жұмыс кестесі:

Бейсенбі - жексенбі: 09.00-19.00
Дүйсенбі - демалыс

Мұражайға кіру құны:  ересектерге - 400 теңге (сәрсенбі, сенбі - 800 теңге)
Студенттерге - 300 теңге 
Оқушыларға - 200 теңге 
Экскурсия жасау құны:  500 теңге

Материалды әзірлеген - Дархан Өмірбек

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға