COVID-19 пандемиясы ресми түрде аяқталды

Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ
05.05.2023 20:03
1501
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 үшін пандемия мәртебесін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылық комитеті маған пандемиядан "төтенше жағдай" мәртебесін алып тастауды ұсынды. Мен бұл кеңесті құп көріп, пандемияның аяқталғаны туралы жариялаймын, - деді Тедрос Гебрейесус.
Дегенмен ДДСҰ басшысы коронавирустың ешқайда кетпегенін айтып, адамдарды жұқтырып, зиян келтіретінін еске салды. Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері әлемде кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасына талқыланды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды