COVID-19: Алматыда қосымша шаралар қабылданды
13.07.2022 04:36
1245
Елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының өсуін ескере отырып, Алматыда қосымша шаралар қолдану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz.
Осыған орай Алматы қаласының әкімдігі мынандай шаралар қабылдады:
-
науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
-
вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру;
-
жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию;
-
10-нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға