Жаңалықтар

Әбдірайымұлы Серік (1943-2009)

1943 жылы 5 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің 3-курсында оқып жүрген кезінде (1963-1968 жж.) «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакциясына қызметке шақырылады. 1979 жылға дейін газеттің әдеби қызметкер, спорт және дене шынықтыру, жұмысшы жастар бөлімдерін басқарды, жауапты хатшы және редколлегия мүшесі болды. 1979-1986 жылдар аралығында «Өнер» баспасының Бас редакторы, 1986-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институындағы марксизм-ленинизм  класиктерінің еңбектерін қазақ тілінде шығаратын Бас редакцияның меңгерушісі, 1990 жылдан «Санат» (1993 жылға дейін «Қазақ университеті» аталған) баспасының директоры қызметтерін атқарған.
02.02.2013 13:25 4777

С.Әбдірайымұлы түрік жазушысы Орхан Кемальдың «Тұңғиықта» романын, орыс қаламгері Борис Васильевтің «Мансап пен махаббат», О.Серовтың «008 агенттің күйреуі» повестерін, эстон жазушысы Пауль Куусбергтің «Монолог» повесін, атақты әнші Федор Шаляпиннің «Перде жамылған пенде» естелігін және батыс, шығыс жазушыларының көркем әңгімелерін аударды.

Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың «Өтті дәурен осылай» (1991 жыл), «Ақиқаттан аттауға болмайды» (1994 жыл), соғыс және еңбек ардагері Ә.Жүргеновтің «Жел өтінде өскен бір ұлыңмын» кітаптарының әдеби нұсқаларын жазған. «Қаһарман – Нұрғиса», «Елу жыл ел ағасы» жинақтарын құрастырған.      

1992 жылдан халықаралық Д.А.Қонаев қорының президиум мүшесі, 1993 жылдан қордың вице-президенті болған. Құрмет грамотасымен марапатталған.

С.Әбдірайымұлы «Бес мүшел белесінде» көркем эсселер кітабының, «Нұрғиса», «Брест қамалындағы қазақстандық қаһарман» деректі фильмдерінің, Д.Қонаев туралы «Елу жыл ел ағасы», «Личность», ұлы сазгер Н.Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы «Қаһарман -Нұрғиса» жинақтарының авторы болып табылады.

«Парасат» орденімен және «Астанаға 10 жыл»мерекелік медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының ҚР Журналистер Академиясының  академигі.

Жамбыл облысы, Талас ауданының Құрметті азаматы.

       Шығармалары: 

- Жалынды жастық шақ. Эсселер. Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1974 жыл;
- Еңбек Ері Ермеков. Повесть. Алматы, «Санат» баспасы, 2000 жыл;
- Күнді көлегейлеуге болмайды. Эсселер. Алматы, 2001 жыл;
- Самғау. Ой-толғаулар, сыр-сұхбаттар, эсселер. Алматы, «Санат» баспасы, 2008 жыл;
- Мансап пен махаббат. Көркем аударма. Алматы, «Санат» баспасы, 2007 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға