Дүйсенбай Алтынбеков
1923-1929 жылдары Шымкент, Әулие-Ата, Қазалы уездік прокуратурасының көмекшісі қызметін атқарады.1929 жылы Торғай ауданына прокурор етіп жіберіледі.
1930 жылы Торғай қаласында прокурор болып істеп жүрген ол еліне демалысқа келеді. Көзі ашық сауатты, оның үстіне заң- жобаны жақсы білетін Дүйсенбайға бүкіл ел атынан үлкен қолқа салумен аяқталады. Әңгіменің тоқетері - Арыс өзенін бөгеп, ғасырлар бойы қусырап, шөліркеп жатқан Отырар алқабына су шығарып, атақонысты суландыру мәселесіне тоқталады.
Ауыл ақсақалдарымен жан-жақты ақылдасып, алдағы атқарар істің жөн-жобасын түзеп, сол кездегі Отырар өңіріне басшылық жасайтын Түркістан аудандық партия комитеті мен аудандық Кеңес атқару комитетінің аудандық су шаруашылығы мекемесінің басшыларымен кеңесіп. Өзінің ұсыныс-пікірлері республикалық басшы органдарына ортаға салынып, барлық жерде қолдау табады.
1930 жылы Түркістан ауданына қарасты №24 ауылда суландыру жөніндегі серіктестің төрағасы болады. 7 қарашада Дүйсенбай Алтынбеков бас болып, елдің екі мың азаматы қатар тұрып, бас каналды қазуға кіріседі. Бұл Оңтүстік өңіріндегі тарихи оқиға еді.1931 жылдың көктемінде ені 9 метрлік, биіктігі 6 метрлік, ұзындығы 31 километрлік бас канал су қабылдауға дайын болады.
Дүйсенбай Алтынбеков 1935-1937 жылдары Қазақ АССР-і Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болған. Ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ҚСРО Жер шаруашылығы министрлігінен сыйлыққа жеке жеңіл машина алған.
1937 жылғы 22 қарашада Мәскеуде ҚСРО Бүкілодақтық Атқару Комитеті Төралқасының жанындағы Кеңес құрылысы жөніндегі жоғары курста оқып жүргенде тұтқынға алынып, сол жылғы 30 желтоқсанда ату жазасына кесіледі.
Дереккөзі: ОҚО әкімдігі