Хоккей: Қазақстан Францияны 3:2 есебімен ұтты
Ригада шайбалы хоккейден Сочи Олимпиадасының соңғы електік додасы басталды. Қазақстан құрамасы кездесуді сәтті бастап, Францияны 3:2 есебімен ұтты. Жеңісті голды Талғат Жайлауов салды. Сочи Олимпиадасына 12 елдің ұлттық құрамасы қатысады. Ал, Латвия, Ұлыбритания, Франция, Қазақстан құрамалары арасынан тек біреуі ғана Олимпиадаға жолдама алуы тиіс. 10-ақпан күні Қазақстан Ұлыбританиямен кездеседі. Голдар: 0:1 – Старченко (Уппер), 07:00 0:2 – Романов (Даллман), 11:31 1:2 – Трей (Бельмар), 32:17 1:3 – Жайлауов (Полищук), 34:40 2:3 – Баптист, 57:42 BAQ.kz
08.02.2013 03:53
2415