"Астана арландары" алғаш рет жеңілді
Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесінде Қазақстанның намысын қорғап жүрген "Астана арландары" командасы биылғы маусымда алғаш рет қарсыласына жол берді. Жекпе-жек түнде Ұлыбритания астанасы Лондонда "British Lionhearts" командасымен өтті. "Арландар" ағылшындарға 4-1 есебімен жол берді. Қазақстандық команданың жалғыз ұпайының иесі - 85 келідегі Хрвоже Сеп. Ол Бабакар Камараны тізе бүктірді. Бұдан кейінгі жекпе-жектің барлығында ағылшындардың жолы болды. Бәсеке мына боксшылар арасында өтті: 54 келі Мейірболат Тойытов (Қазақстан)- Эндрю Селби (Уэльс) 61 келі Ержан Мүсәпіров (Қазақстан)- Самуэль Максвелл (Ұлыбритания) 73 келі Мирас Байырханов (Қазақстан) - Фрэдди Эванс (Уэльс) 91 келіден жоғары: Жосеф Жойс (Ұлыбритания) — Филип Хргович (Хорватия) Қ.Ахметов BAQ.kz
08.02.2013 03:48
3254
Қазақстандық команданың жалғыз ұпайының иесі - 85 келідегі Хрвоже Сеп. Ол Бабакар Камараны тізе бүктірді.
Бұдан кейінгі жекпе-жектің барлығында ағылшындардың жолы болды. Бәсеке мына боксшылар арасында өтті:
54 келі
Мейірболат Тойытов (Қазақстан)- Эндрю Селби (Уэльс)
61 келі
Ержан Мүсәпіров (Қазақстан)- Самуэль Максвелл (Ұлыбритания)
73 келі
Мирас Байырханов (Қазақстан) - Фрэдди Эванс (Уэльс)
91 келіден жоғары:
Жосеф Жойс (Ұлыбритания) — Филип Хргович (Хорватия)
Қ.Ахметов
BAQ.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Месси продлил контракт с «Барселоной» до июня 2018 года
Келесі жаңалық
Абай облысында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады