Жаңалықтар

Қазақстанның әлеуметтік дамуының тұжырымдамасы мамырда қабылданады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстанның әлеуметтік дамуының тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Елбасы Қазақстанның әлеуметтік дамуының тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл тұжырымдаманы дайындау үшін Үкіметте арнайы жұмыс тобы құрылды. Біз дүниежүзілік банктен көмек көрсетуді сұрадық. Олар әлеуметтік саясаттың барлық бағыты – әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша халықаралық сарапшыларды жұмылдырды»,- деп атап өтті Ербол Орынбаев. Ол наурыз айының аяғында тұжырымдаманың алғашқы жобасы дайын болатынын жеткізді. «Қазір осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп тұжырымдаманы Парламентте таныстырады. Сондай-ақ оны үкіметтік емес ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік және жеке меншік мекемелермен талқылау керек. Тұжырымдама жобасын мамыр айына дейін жан-жақты талқылап, қабылдау қажет», - деді вице-премьер. Оның айтуынша, ең алдымен сапалы әлеуметтік стандарттар жүйесін енгізу көзделіп отыр. Мұнымен қатар мемлекеттік және жеке меншік сектордың және кәсіподақтардың серіктестігі негізінде әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді моделін құру жоспарланған. Айымгүл Әбілева
07.02.2013 10:22 3067

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстанның әлеуметтік дамуының тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Елбасы Қазақстанның әлеуметтік дамуының тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл тұжырымдаманы дайындау үшін Үкіметте арнайы жұмыс тобы құрылды. Біз дүниежүзілік банктен көмек көрсетуді сұрадық. Олар әлеуметтік саясаттың барлық бағыты – әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша халықаралық сарапшыларды жұмылдырды»,- деп атап өтті Ербол Орынбаев.

Ол наурыз айының аяғында тұжырымдаманың алғашқы жобасы дайын болатынын жеткізді.

«Қазір осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп тұжырымдаманы Парламентте таныстырады. Сондай-ақ оны үкіметтік емес ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік және жеке меншік мекемелермен талқылау керек. Тұжырымдама жобасын мамыр айына дейін жан-жақты талқылап, қабылдау қажет», - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, ең алдымен сапалы әлеуметтік стандарттар жүйесін енгізу көзделіп отыр. Мұнымен қатар мемлекеттік және жеке меншік сектордың және кәсіподақтардың серіктестігі негізінде әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді моделін құру жоспарланған.

Айымгүл Әбілева
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға