Жаңалықтар

Еңбек министрлігі Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры үшін жауап беруі тиіс – Д.Назарбаева

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құруда бұрын орын алған олқылықтардың қайталанбауы үшін жауапты болуы керек. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. "Президент Үкіметке Бірыңғай зейнетақы қорын құруды тапсырды. Депутаттар бұл шешімді толықтай қолдайды. Бізді мазалайтын жалғыз-ақ мәселе – бұл жұмыстың қаншалықты сапалы деңгейде орындалатындығы. Бұрын кеткен қателіктер ескеріледі ме!? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл үшін жауапты болуы керек», - деді Д.Назарбава.  Сондай-ақ депутат Д.Назарбаева халық арасында ақпараттандыру жұмысын жүргізуге де ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті.
07.02.2013 08:56 2798

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құруда бұрын орын алған олқылықтардың қайталанбауы үшін жауапты болуы керек. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Президент Үкіметке Бірыңғай зейнетақы қорын құруды тапсырды. Депутаттар бұл шешімді толықтай қолдайды. Бізді мазалайтын жалғыз-ақ мәселе – бұл жұмыстың қаншалықты сапалы деңгейде орындалатындығы. Бұрын кеткен қателіктер ескеріледі ме!? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл үшін жауапты болуы керек», - деді Д.Назарбава. 

Сондай-ақ депутат Д.Назарбаева халық арасында ақпараттандыру жұмысын жүргізуге де ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға