Жаңалықтар

2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» аясында 19 мыңға жуық адам жұмыс тапты

Бүгін Астанада ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Отырыста ведомствоның өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, биылғы жылдың мақсат-міндеттері белгіленеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Өткен жылы бағдарлама ауқымды түрде іске асырылды. Бағдарламаның қаржыландыру көлемі 57,6 млрд. теңгені құрады. Осыған қоса жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 2,9 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы бағдарламаға қатысуға 111,5 мың адам ниет танытып, 102,4 мың адам қатысушылардың құрамына енгізілді. Қолдағы бар бос жұмыс орындарына 18,9 мың адам жұмысқа орналастырылды», - деп атап өтті ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов. Айымгүл ӘБІЛЕВА
07.02.2013 05:32 2434

Бүгін Астанада ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Отырыста ведомствоның өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, биылғы жылдың мақсат-міндеттері белгіленеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Өткен жылы бағдарлама ауқымды түрде іске асырылды. Бағдарламаның қаржыландыру көлемі 57,6 млрд. теңгені құрады. Осыған қоса жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 2,9 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы бағдарламаға қатысуға 111,5 мың адам ниет танытып, 102,4 мың адам қатысушылардың құрамына енгізілді. Қолдағы бар бос жұмыс орындарына 18,9 мың адам жұмысқа орналастырылды», - деп атап өтті ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға