Жаңалықтар

«Gangnam Style» ұйқыдағы баланы да билетеді (ВИДЕО)

Әлемге танымал болған, ғаламторда көрушілер саны жағынан рекордтық деңгейге жеткен «Gangnam Style» клипіне билемейтіндер кемде кем шығар. Қазіргі таңда бұл әнге еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін билейтін болды. Оңтүстік Корея әншісі Пак Чэ Санның «Gangnam Style» клипінің танымал болғандығы соншалық, оның әуеніне миллиондаған көрермен, тіпті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі де билеген еді. Ал бүгінгі кейіпкеріміз - ұйықтап бара жатқан кішкентай бала. Ол әкесінің көлігінде басқа бір әуеннің ырғағымен тәтті ұйқыға маужырап бара жатқан кезде, әкесі әуенді «Gangnam Style»-ға ауыстырып жібереді. Ырғақты ән қойылған сәтте маужырап ұйқыға кетіп бара жатқан баланың ұйқысы шайдай ашылады. Бұл қызықты сіз де тамашалап көріңіз. BNews.kz
07.02.2013 05:27 3370

Әлемге танымал болған, ғаламторда көрушілер саны жағынан рекордтық деңгейге жеткен «Gangnam Style» клипіне билемейтіндер кемде кем шығар. Қазіргі таңда бұл әнге еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін билейтін болды.

Оңтүстік Корея әншісі Пак Чэ Санның «Gangnam Style» клипінің танымал болғандығы соншалық, оның әуеніне миллиондаған көрермен, тіпті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі де билеген еді.

Ал бүгінгі кейіпкеріміз - ұйықтап бара жатқан кішкентай бала. Ол әкесінің көлігінде басқа бір әуеннің ырғағымен тәтті ұйқыға маужырап бара жатқан кезде, әкесі әуенді «Gangnam Style»-ға ауыстырып жібереді. Ырғақты ән қойылған сәтте маужырап ұйқыға кетіп бара жатқан баланың ұйқысы шайдай ашылады. Бұл қызықты сіз де тамашалап көріңіз.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға