Жаңалықтар

«Қазақстан барысы» халықаралық жобаға айналмақ

Қазақ халқының төл спорты – қазақша күрес қарқынды дами бастады. Қазақ күресінің Дүниежүзілік студенттік спорт ойындары бағдарламасына енгізілуі, қазақша күрестен төрт халықаралық, тоғыз республикалық турнирдің ұйымдастырылуы – соның айғағы.  Ал қазақ күресінен Ұлт көшбасшысы – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің шоқтығы бәрінен жоғары тұрғандығы сөзсіз. Осымен үшінші рет өтетін осынау дүбірлі турнирді ұйымдастыруға биыл енді халықтық партия – «Нұр Отан» белсене кіріспек. «Қазақстан барысы» турнирінің үшінші мау­сымының ашылуына орай Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин осы­лай деп мәлімдеді. Сөйтсек, партия бұл ұлттық-спорттық жобаның іске асы­рылуына зор мән бере отырып, өткен жыл­дың қараша айында Қазақ күресін да­мы­ту қорымен ынтымақтастық ме­моран­­ду­мына қол қойған екен. Бұл орайда жобаның партия үшін қан­дай маңызы бар деген сауалдың туындай­тыны да рас. Оған Е.Қарин нақты жауабын да берді. «Біріншіден, әрине, бұл жобаның салауатты өмір салтын, спортты насихат­тау­да үлесі зор. Екіншіден, ұлттық спортты, ұлттық дәстүрді, ұлттық танымды насихат­тау­да атқаратын рөлі ерекше. Үшіншіден, пар­тия үшін бұл жобаның әлеуметтік ма­ңызы да бар. Себебі ауылдық, аудандық жер­лердегі спортпен айналысатын жас­тар­дың өзін-өзі көрсетуге, тәжірибесін мо­лай­туға тигізетін пайдасы мол», – дейді ол. Республикалық турнирдің іріктеу ке­зеңі биыл үш кезеңмен өткізіледі. Атап айт­қанда, ақпан айында ауылдық-село­лық деңгейде, наурызда аудандық және қалалық, ал сәуірде облыстық деңгейдегі ір­іктеу турнирлері ұйымдастырылады. Бұл ретте «Нұр Отан» партиясының өңірлік құ­ры­лымдары облыстық, аудандық, ауыл­дық деңгейдегі іріктеулерді ұйымдас­ты­руға, жастарды тартуға, ақпараттық де­меу­ге атсалыспақ. Сонымен қатар белде­сулердің әділ өтуін де қадағалайтын бо­лады. «Ақылдаса келе ағымдағы жылғы фи­налды Астананың 15 жылдығына орай­ластырып, маусымның 30-ына белгілеп отырмыз», – деді Е.Қарин. Айта кетерлігі, баспасөз мәслихаты ба­рысында қазақша күрестен ауылдық, аудан­дық деңгейде өткізілетін іріктеу ке­зеңдерінің сапасы сын көтермейтіндігі бел­гілі болды. Оның ашығын айтқан ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігі төрағасының орынбасары Елсияр Қа­на­ғатов: «Жыл сайын айтып жүрміз, бізге көбіне ауылдық, аудандық жерлерде өте­тін белдесулерге ерекше көңіл бөлуіміз қа­жет сияқты. Өйткені облыстық, республи­калық деңгейде ұйымдастыруды жақсы деңгейге көтерген сияқтымыз. Бірақ ауыл­дық, аудандық турнирлерде кемшін тұстар болып жататындығы шындық», – дейді. Сондықтан да қазіргі таңда агенттік та­рапынан өңірлік басқармаларға турнир­дің іріктеу кезеңін жоғары деңгейде өткізуге, оған зор жауапкершілікпен қарауға тап­сыр­ма да берілген. Жалпы, Е. Қанағатов­тың атап өтуінше, «Самұрық-Қазына» қо­ры қанымызға сіңген ұлттық спорт түрін ха­лықаралық деңгейде өткізу жобасын да әзірлеп, шетелдегі қандастарымыздың арасында да ұйымдастыруды ойластырып отырған сыңайлы. Айдар МАХМЕТОВ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бұқарамен байланыс департаментінің директоры: – Биыл біз бас демеуші ғана емес, сонымен қатар осы турнирдің қожа­йын­ы ретінде қатысатын боламыз. Өйт­кені өздеріңіз білетіндей, 2012 жыл­дың аяғында «Самұрық-Қазына» әл-­ауқат қоры «Астана» президенттік кә­сіби спорт клубын құрған болатын. «Қазақстан барысы» турнирі сол клуб­тың ең маңызды жобаларының бірі бо­лып саналады. Серік ТҮКЕЕВ, Қазақ күресі федерациясының президенті: – Бүгінгі таңда қазақ күресі ғалам­шардың төрт құрлығында дами баста­ды. Біз Германияның Берлин қаласын­да Дүниежүзілік қазақ күресі федера­циясын ашқанда 16 мемлекет қолдаса, бүгінде олардың қатары 30 елден ас­ты. Ақпан айының 26-сы мен наурыз­дың 5-і аралығында 15 елдің палуан­дарының қатысуымен қазақша күрес­тен Африка чемпионатын өткізейік деп отырмыз. Содан кейін Америка құрлы­ғы чемпионатын өткізбек ойымызда бар. Айтпақшы, сүйінші хабарымыз да бар. Үш күн бұрын қазақ күресі Дүние­жү­зілік студенттік спорт ойындары бағ­дарламасына төрт салмақ дәрежесі бо­йынша енгізілді деген хабар алдық. Автор: Марлан ТҰМАРБЕКҰЛЫ, Астана  Алаш айнасы
06.02.2013 11:48 2753

Қазақ халқының төл спорты – қазақша күрес қарқынды дами бастады. Қазақ күресінің Дүниежүзілік студенттік спорт ойындары бағдарламасына енгізілуі, қазақша күрестен төрт халықаралық, тоғыз республикалық турнирдің ұйымдастырылуы – соның айғағы. 

Ал қазақ күресінен Ұлт көшбасшысы – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің шоқтығы бәрінен жоғары тұрғандығы сөзсіз. Осымен үшінші рет өтетін осынау дүбірлі турнирді ұйымдастыруға биыл енді халықтық партия – «Нұр Отан» белсене кіріспек.

«Қазақстан барысы» турнирінің үшінші мау­сымының ашылуына орай Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин осы­лай деп мәлімдеді. Сөйтсек, партия бұл ұлттық-спорттық жобаның іске асы­рылуына зор мән бере отырып, өткен жыл­дың қараша айында Қазақ күресін да­мы­ту қорымен ынтымақтастық ме­моран­­ду­мына қол қойған екен.

Бұл орайда жобаның партия үшін қан­дай маңызы бар деген сауалдың туындай­тыны да рас. Оған Е.Қарин нақты жауабын да берді. «Біріншіден, әрине, бұл жобаның салауатты өмір салтын, спортты насихат­тау­да үлесі зор. Екіншіден, ұлттық спортты, ұлттық дәстүрді, ұлттық танымды насихат­тау­да атқаратын рөлі ерекше. Үшіншіден, пар­тия үшін бұл жобаның әлеуметтік ма­ңызы да бар. Себебі ауылдық, аудандық жер­лердегі спортпен айналысатын жас­тар­дың өзін-өзі көрсетуге, тәжірибесін мо­лай­туға тигізетін пайдасы мол», – дейді ол.

Республикалық турнирдің іріктеу ке­зеңі биыл үш кезеңмен өткізіледі. Атап айт­қанда, ақпан айында ауылдық-село­лық деңгейде, наурызда аудандық және қалалық, ал сәуірде облыстық деңгейдегі ір­іктеу турнирлері ұйымдастырылады. Бұл ретте «Нұр Отан» партиясының өңірлік құ­ры­лымдары облыстық, аудандық, ауыл­дық деңгейдегі іріктеулерді ұйымдас­ты­руға, жастарды тартуға, ақпараттық де­меу­ге атсалыспақ. Сонымен қатар белде­сулердің әділ өтуін де қадағалайтын бо­лады. «Ақылдаса келе ағымдағы жылғы фи­налды Астананың 15 жылдығына орай­ластырып, маусымның 30-ына белгілеп отырмыз», – деді Е.Қарин.

Айта кетерлігі, баспасөз мәслихаты ба­рысында қазақша күрестен ауылдық, аудан­дық деңгейде өткізілетін іріктеу ке­зеңдерінің сапасы сын көтермейтіндігі бел­гілі болды. Оның ашығын айтқан ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігі төрағасының орынбасары Елсияр Қа­на­ғатов: «Жыл сайын айтып жүрміз, бізге көбіне ауылдық, аудандық жерлерде өте­тін белдесулерге ерекше көңіл бөлуіміз қа­жет сияқты. Өйткені облыстық, республи­калық деңгейде ұйымдастыруды жақсы деңгейге көтерген сияқтымыз. Бірақ ауыл­дық, аудандық турнирлерде кемшін тұстар болып жататындығы шындық», – дейді.

Сондықтан да қазіргі таңда агенттік та­рапынан өңірлік басқармаларға турнир­дің іріктеу кезеңін жоғары деңгейде өткізуге, оған зор жауапкершілікпен қарауға тап­сыр­ма да берілген. Жалпы, Е. Қанағатов­тың атап өтуінше, «Самұрық-Қазына» қо­ры қанымызға сіңген ұлттық спорт түрін ха­лықаралық деңгейде өткізу жобасын да әзірлеп, шетелдегі қандастарымыздың арасында да ұйымдастыруды ойластырып отырған сыңайлы.

Айдар МАХМЕТОВ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бұқарамен байланыс департаментінің директоры:

– Биыл біз бас демеуші ғана емес, сонымен қатар осы турнирдің қожа­йын­ы ретінде қатысатын боламыз. Өйт­кені өздеріңіз білетіндей, 2012 жыл­дың аяғында «Самұрық-Қазына» әл-­ауқат қоры «Астана» президенттік кә­сіби спорт клубын құрған болатын. «Қазақстан барысы» турнирі сол клуб­тың ең маңызды жобаларының бірі бо­лып саналады.

Серік ТҮКЕЕВ, Қазақ күресі федерациясының президенті:

– Бүгінгі таңда қазақ күресі ғалам­шардың төрт құрлығында дами баста­ды. Біз Германияның Берлин қаласын­да Дүниежүзілік қазақ күресі федера­циясын ашқанда 16 мемлекет қолдаса, бүгінде олардың қатары 30 елден ас­ты. Ақпан айының 26-сы мен наурыз­дың 5-і аралығында 15 елдің палуан­дарының қатысуымен қазақша күрес­тен Африка чемпионатын өткізейік деп отырмыз. Содан кейін Америка құрлы­ғы чемпионатын өткізбек ойымызда бар. Айтпақшы, сүйінші хабарымыз да бар. Үш күн бұрын қазақ күресі Дүние­жү­зілік студенттік спорт ойындары бағ­дарламасына төрт салмақ дәрежесі бо­йынша енгізілді деген хабар алдық.

Автор: Марлан ТҰМАРБЕКҰЛЫ, Астана 

Алаш айнасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға