WBA Головкинді ең үздік боксшы деп таныды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қаңтар Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) қаңтар айындағы ең үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл атаққа ол биылғы жылдың 19 қаңтарында америкалық боксшы Габриэл Росадомен болған жекпе-жегінен кейін ие болып отыр. Өзінің кәсіпқой бокстағы 25-ші жеңісіне Геннадий 7 раундта техникалық нокаутпен қол жеткізіп, WBA және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарын қорғап қалды. Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі биылғы жылдың 30 наурызында Монте-Карлода (Монако) өтеді. Бұл жолғы қарсыласы – жапондық Нобухиро Ишида. BAQ.kz
06.02.2013 11:47
2641
BAQ.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақ спортшылары «Болашақ» бағдарламасымен оқи алады
Келесі жаңалық
Аида Әбікеева әлем чемпионатында үздік шықты