Жаңалықтар

Оралда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Оралда 1995-1995 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ұлттық біріншілікке 170-тен астам спортшы қатысуда. Жарыс Оралдағы Мұз айдыны спорт сарайында өтуде. Боксшылар 49-91 аралығындағы салмақ дәрежесінде жарысқа түспек. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша елдің жастар құрамасына іріктеу өтеді. Ел құрамасы наурыз айында Филиппинде өтетін Азия чемпионына қатысады. «Оралдағы жарысты ұйымдастырушылар жақсы дайындалған. Келген қонақтар жарысты өткізу деңгейіне жоғары баға беруде», – деді ҚР Еңбек сіңірген бапкері Ғалым Кенжебаев. Республикамыздағы көптеген танымал боксшылар өз кәсіптерін осы тектес жастар чемпионатынан бастаған. Олардың қатарында қазақстандық бокс мектебіне атақ-даңқ алып келген Серік Сәпиев, Геннадий Головкин және Бақтияр Артаев бар. ҚР чемпионатының финалдық жарыстары 9 ақпанда өтеді.
05.02.2013 17:04 2791

Оралда 1995-1995 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ұлттық біріншілікке 170-тен астам спортшы қатысуда.

Жарыс Оралдағы Мұз айдыны спорт сарайында өтуде. Боксшылар 49-91 аралығындағы салмақ дәрежесінде жарысқа түспек. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша елдің жастар құрамасына іріктеу өтеді. Ел құрамасы наурыз айында Филиппинде өтетін Азия чемпионына қатысады.

«Оралдағы жарысты ұйымдастырушылар жақсы дайындалған. Келген қонақтар жарысты өткізу деңгейіне жоғары баға беруде», – деді ҚР Еңбек сіңірген бапкері Ғалым Кенжебаев.

Республикамыздағы көптеген танымал боксшылар өз кәсіптерін осы тектес жастар чемпионатынан бастаған. Олардың қатарында қазақстандық бокс мектебіне атақ-даңқ алып келген Серік Сәпиев, Геннадий Головкин және Бақтияр Артаев бар.

ҚР чемпионатының финалдық жарыстары 9 ақпанда өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға