Протвино қаласындағы компьютер байқауында елордалық оқушылар 18 жүлде алды
Протвино (Ресейдің Мәскеу облысы) ғылыми қаласындағы компьютерлік шығармашылық байқауында елордалық оқушылар 18 жүлде алды. Байқау 17-ші «Компьютерлік физика-2013» Ашық Халықаралық турнирі аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті. Компьютерлік шығармашылық байқауына Астананың білім беру мекемелерінен қазылар алқасының назарына 18 ғылыми жобаларын ұсынған 33 мектеп оқушысы қатысты. Осы жобалардың әрқайсысы жүлдеге (9 бірінші және 9 екінші орын) ие болды. Аталған жарыстың соңында «Астана дарыны» командасы ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Негізгі физика» кафедрасының доценті Кравцов Андрей Витальевичпен кездесті. Кездесу барысында оқушылардың зерттеулеріне қатысты мәселелер талқыланды. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
05.02.2013 12:59
2973
Аталған жарыстың соңында «Астана дарыны» командасы ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Негізгі физика» кафедрасының доценті Кравцов Андрей Витальевичпен кездесті. Кездесу барысында оқушылардың зерттеулеріне қатысты мәселелер талқыланды.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан арнасында «Жұлдызды сәт» мега жобасы
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды