Жаңалықтар

9 ақпанда ең үздік терме авторы автокөлікке ие болмақшы

Былтырғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешіті «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы ақпанның 9-ы күні шығарылмақ. Мешіттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең үздік терме авторы автокөлікке ие болады. Үздік шыққан басқа да авторларға берілер жүлделер қомақты. «Халқымыздың кезінде ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғандай. Әр сөзі мірдің оғындай көздеген нысанаға дөп тиіп, көңіл көзін ашып, шөліркеген рухқа зәмзәм суындай шипа болатын заманға лайық жаңа терме бүгін де керек. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мешіті Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтеді. Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталады. Кешке мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысады» делінген хабарламада. ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ТІГІЛГЕН ЖҮЛДЕ: Бас жүлде – «ШЕТЕЛ» АВТОКӨЛІГІ; Бірінші орын –  1 500 000 теңге; Екінші орын – 750 000 теңгеден (2 адамға); Үшінші орын – 500 000 тенгеден (3 адамға); Ынталандыру сыйлықтары – (15 адамға) умра қажылық; Сондай-ақ: Ең үздік мақам  (3 жүлде) – 150 000 теңгеден; Ең үздік орындаушы (3 жүлде) – 150 000 тенгеден. BAQ.kz
05.02.2013 04:42 4254

Былтырғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешіті «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы ақпанның 9-ы күні шығарылмақ. Мешіттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең үздік терме авторы автокөлікке ие болады. Үздік шыққан басқа да авторларға берілер жүлделер қомақты.

«Халқымыздың кезінде ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғандай. Әр сөзі мірдің оғындай көздеген нысанаға дөп тиіп, көңіл көзін ашып, шөліркеген рухқа зәмзәм суындай шипа болатын заманға лайық жаңа терме бүгін де керек. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мешіті Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын.
Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтеді. Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталады. Кешке мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысады» делінген хабарламада.

ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ТІГІЛГЕН ЖҮЛДЕ:
Бас жүлде – «ШЕТЕЛ» АВТОКӨЛІГІ;
Бірінші орын –  1 500 000 теңге;
Екінші орын – 750 000 теңгеден (2 адамға);
Үшінші орын – 500 000 тенгеден (3 адамға);
Ынталандыру сыйлықтары – (15 адамға) умра қажылық;
Сондай-ақ:
Ең үздік мақам  (3 жүлде) – 150 000 теңгеден;
Ең үздік орындаушы (3 жүлде) – 150 000 тенгеден.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға