Жаңалықтар

Театр ұжымы

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел, 1917 жылы Мұхтар Әуезовтың басшылығымен “Ойқұдық” жайлауында қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Бұл тарихи айғақталып, кезінде толық құпталған айтулы оқиға. Сол Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген  өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. 1920 жылдары құрамына әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек сынды майталман өнер иелерін топтастырған “Ес-Аймақ” театры, тек 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілді. Әрісі 94, берісі 77 жыл халыққа өнер көрсетіп, өнер тілі арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беріп келе жатқан театр, үлкен өнер - өмір, өмір - өнер жолынан өтті. Театр 77 жыл ішінде 300-ден астам спектакль қойып, жалпы саны 80 миллионға тарта көрермендерді қамтып, халыққа тәрбие беруде зор роль атқарды. 1934 жылы Ілияс Жансүгіровтың “Кек” пьесасымен шымылдығын ашқан театр, ондаған алыс-жақын шетел классиктерімен қатар, әлемдік драматургия дәрежесіндегі М.Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мұстафиннің, Р.Ғамзатовтың, Ш.Айтматовтың шығармаларын сахнаға шығарды. “Еңлік - Кебек”, “Қаракөз”, “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу”, “Айман - Шолпан”, “Бөлтірік бөрік астында” пьесалары театр репертуарының алтын қорына айналды. Осы жылдар ішінде театр қабырғасынан өнерге қанаттанған әртістер бүкіл республика көлеміндегі барлық дерлік театрларда жемісті еңбек етті, әлі де еңбек етіп келеді. Өнер ордасының, аға буын актерлер мен режиссерлардың озық дәстүрлерін бүгінде талантты артистер одан әрі жалғастыруда. Театрда үш Қазақстанның халық артисі: Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов; Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, 13 Мәдениет қайраткері, барлығы 60 адам еңбек етіп келеді. Симфония оркестрі және балет артистері тобы бар. Театр классикалық шығармаларды музыкамен көркемдеп, балетпен ұштастыруға зор еңбек сіңіруде. Сондай-ақ театр жанында актерлар даярлайтын “Театр студиясы” жұмыс істейді. Аз уақыт ішінде студия жүздеген жас сахна шеберлерін тәрбиелеп, үлкен өнерге жолдама берді. Театр Каирде өткен Халықаралық және Республикалық фестивальдердің лауреаты. Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының 2011 жылғы қойған қойылымдары мен жетістіктері 2011 жылы театр тарландарының тырнақалды туындысы ретінде көзі қарақты көрермен қауымға жол тартқан алғашқы қойылым ол Ядролық полигонның жабылуына 20 жыл толуына орай арнайы қойылған Роза Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” драмасы болатын. Қоюшы-режиссері - Нұрлан Жұманиязов (Алматы қаласынан шақырылған). Қойылым әсерлі де, әдемі шықты. Оның үстіне қара халықтың қанша жылғы қайғы қасіретінің тамырын дөп басып, әртістер де, көрермен көзайымына айналды. Тағы бір тамаша туынды қарулы қаламгер М.Сәрсекенің сәтті шыққан шығармасы “Тендірге түскен әйел” – деп аталады. Қоюшы-режиссері - Қ.Рахметов. Отбасындағы от анасының тәлкекке түскен тағдыры және қазіргі қоғамның дерті әйел затының әлсіздігі, замананың запыран төккен ащы шындығын көрсеткен “Тендірге түскен әйел” талайға таңдай қақтырып тамаша бағаға ие болды. Сондай-ақ, ұлылар мекенінде орналасқан театр ұжымы қазақ театрларының ішінде алғашқы болып шетелдік қандастарымызға да қойылымдар қойып, қуанттып қайтты. Атап айтсақ, театр ұжымы Монғол Республикасының Ұлан-Батыр қаласында болып, Әлімбек Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” драмасымен өзге елде жүрген өзіміздің қаракөз қазақ бауырларымызбен қоса моңғолдардың да мақтанышына айналып, елшілік тарапынан Құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ ҚХР-ның Үрімжі қаласында да ірі творчестволық сапарда болып, алғыс алып қайтты, бұл туралы Ұйғыр автономиясының белгілі аймақтық газетінің алғашқы бетінде жарық көрген көлемді мақала жарияланды. Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі - тұғырлы тәуелсіздігіміздің 20-жылдығы қарсаңында арнайы облыс әкімінің шақыртуымен Өскемен, Риддер қалаларында іссапарда болып, шырайлы шығыстық көрермендерге шабыт сыйлап қайтты. Сондай-ақ, театр ұжымы бал тілді балдырған көрермендерді де ұмыт қалдырмай, тәтті ұйқыдан тұрған әр жастағы балаларды ерекше ертегімен қарсы алып жүр. Жас көрермендерге арналған ерекше қойылымдардың бірі - “Керқұла атты Кендебай” халық ертегісінің желісі бойынша жазылған А.Сапышевтың ертегісі. Тұнып жатқан тарихқа толы ертегі кейіпкерін көрген кез келген қазақ баласының Кендебай болғысы келіп кеткені айдан анық (режиссері А.Нұрғамыс). Театрдың директоры - ҚР Мәдениет қайраткері Азаматов Адай Зейнолдаұлы.     Театрдың шығармашылық құрамы: 1. Тезекбаев Сагнай - бас дирижер 2.    Муравьева Ольга Александровна  - бас суретші 3.    Камбаров Жумабек Адильгазиевич - әдеби бөлімінің меңгерушісі, ҚР журналистер одағының мүшесі 4.    Согумбаев Олжас Адильгазиевич - әдеби бөлімінің меңгерушісі 5.    Чинкебаева Нурбагила - труппа меңгерушісі  ҚР Мәдениет қайраткері 6.    Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна – балетмейстер, ҚР Мәдениет қайраткері 7.    Обухова Елена Валерьевна – концертмейстер 8.    Оспанова Кымбат Толеугазиевна – аудармашы-суфлер 9.    Баядилова Салтанат Амангельдыевна – кадрлар инспекторы                              Театр әртістері: 1.    Сакиева Куляш Срымбетовна – ҚР халық әртісі 2.    Жанбырбаев Абылкасым – ҚР халық әртісі 3.    Имаханов Бекен – ҚР халық әртісі 4.    Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна – ҚР еңбек сіңірген әртісі 5.    Ногайбаев Болат Даретбаевич ҚР еңбек сіңірген қайраткері 6.    Абдилденова Куляш Калымовна – ҚР Мәдениет қайраткері 7.    Сыдыков Мырзахан Демесинович – ҚР Мәдениет қайраткері 8.    Манекина Айжан Базартаевна – ҚР Мәдениет қайраткері 9.    Тоймбаева Бакыт Ахметжановна – ҚР Мәдениет қайраткері 10.  Баирова Асем Баймурзиновна – ҚР Мәдениет қайраткері 11.  Ашимбеков Сапарбек – ҚР Мәдениет қайраткері 12.  Тулеков Бауыржан Халыкович – ҚР Мәдениет қайраткері 13.  Муханбетова Шолпан Аскаровна– ҚР Мәдениет қайраткері 14.  Идрисова Даметкен – ҚР Мәдениет қайраткері 15.  Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна 16.  Дарменбаева Галия Казизовна 17.  Бекбаева Сандибала Орткалиевна 18.  Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы 19.  Ахметов Ерен Саменулы 20.  Тулекова Слушаш Нукеновна 21.  Ташимбетов Айтбек Тазабекович 22.  Божанов Кайрат Тойгазинович 23.  Муратханова Назым Муратхановна 24.  Омашев Бекзат Кайркешович 25.  Тураисов Тлекжан Калымжанович 26.  Бакимбаев Думан Есембаевич 27.  Бектенов Ергали Сакенович 28.  Токтаубаев Ерик Серикович 29.  Кабышева Динара Серикказыевна     30.  Нурланова Асель Талгатовна 31.  Айтжанова Альмира Еркеновна 32.  Альбеков Мейржан Канатбекович        Оркестр әртістері: 1.    Омаров Муратбек Курманович 2.    Ташкенбаев Нурбек Адамович 3.    Жидебаева Умыт Жакуповна - ҚР Мәдениет қайраткері 4.    Данильченко Леонид Павлович 5.    Гурьев Виктор Валентинович 6.    Рахимжанов Нариман Адылгазинович 7.    Костина Елена Сергеевна 8.    Толеубаев Талгат Ануарович 9.    Пухов Борис Борисович 10.  Тайменов Нурлан Мухаметжанович 11.  Нурканова Айгерим Бекеновна             Балет әртістері: 1.    Айдарханова Альмира Муталлаповна 2.    Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна - ҚР Мәдениет қайраткері 3.    Умбетжанова Жанат Маратовна 4.    Егизбаева Римма Ерсаиновна 5.    Байсаева Луиза Имрановна 6.    Жунусбекова Зарина Каирмухамедовна
05.02.2013 03:40 7505

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел, 1917 жылы Мұхтар Әуезовтың басшылығымен “Ойқұдық” жайлауында қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Бұл тарихи айғақталып, кезінде толық құпталған айтулы оқиға. Сол Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген  өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. 1920 жылдары құрамына әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек сынды майталман өнер иелерін топтастырған “Ес-Аймақ” театры, тек 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілді.
Әрісі 94, берісі 77 жыл халыққа өнер көрсетіп, өнер тілі арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беріп келе жатқан театр, үлкен өнер - өмір, өмір - өнер жолынан өтті. Театр 77 жыл ішінде 300-ден астам спектакль қойып, жалпы саны 80 миллионға тарта көрермендерді қамтып, халыққа тәрбие беруде зор роль атқарды. 1934 жылы Ілияс Жансүгіровтың “Кек” пьесасымен шымылдығын ашқан театр, ондаған алыс-жақын шетел классиктерімен қатар, әлемдік драматургия дәрежесіндегі М.Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мұстафиннің, Р.Ғамзатовтың, Ш.Айтматовтың шығармаларын сахнаға шығарды. “Еңлік - Кебек”, “Қаракөз”, “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу”, “Айман - Шолпан”, “Бөлтірік бөрік астында” пьесалары театр репертуарының алтын қорына айналды. Осы жылдар ішінде театр қабырғасынан өнерге қанаттанған әртістер бүкіл республика көлеміндегі барлық дерлік театрларда жемісті еңбек етті, әлі де еңбек етіп келеді.
Өнер ордасының, аға буын актерлер мен режиссерлардың озық дәстүрлерін бүгінде талантты артистер одан әрі жалғастыруда. Театрда үш Қазақстанның халық артисі: Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов; Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, 13 Мәдениет қайраткері, барлығы 60 адам еңбек етіп келеді. Симфония оркестрі және балет артистері тобы бар. Театр классикалық шығармаларды музыкамен көркемдеп, балетпен ұштастыруға зор еңбек сіңіруде. Сондай-ақ театр жанында актерлар даярлайтын “Театр студиясы” жұмыс істейді. Аз уақыт ішінде студия жүздеген жас сахна шеберлерін тәрбиелеп, үлкен өнерге жолдама берді.
Театр Каирде өткен Халықаралық және Республикалық фестивальдердің лауреаты.

Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының
2011 жылғы қойған қойылымдары мен жетістіктері

2011 жылы театр тарландарының тырнақалды туындысы ретінде көзі қарақты көрермен қауымға жол тартқан алғашқы қойылым ол Ядролық полигонның жабылуына 20 жыл толуына орай арнайы қойылған Роза Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” драмасы болатын. Қоюшы-режиссері - Нұрлан Жұманиязов (Алматы қаласынан шақырылған). Қойылым әсерлі де, әдемі шықты. Оның үстіне қара халықтың қанша жылғы қайғы қасіретінің тамырын дөп басып, әртістер де, көрермен көзайымына айналды.
Тағы бір тамаша туынды қарулы қаламгер М.Сәрсекенің сәтті шыққан шығармасы “Тендірге түскен әйел” – деп аталады. Қоюшы-режиссері - Қ.Рахметов. Отбасындағы от анасының тәлкекке түскен тағдыры және қазіргі қоғамның дерті әйел затының әлсіздігі, замананың запыран төккен ащы шындығын көрсеткен “Тендірге түскен әйел” талайға таңдай қақтырып тамаша бағаға ие болды.
Сондай-ақ, ұлылар мекенінде орналасқан театр ұжымы қазақ театрларының ішінде алғашқы болып шетелдік қандастарымызға да қойылымдар қойып, қуанттып қайтты. Атап айтсақ, театр ұжымы Монғол Республикасының Ұлан-Батыр қаласында болып, Әлімбек Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” драмасымен өзге елде жүрген өзіміздің қаракөз қазақ бауырларымызбен қоса моңғолдардың да мақтанышына айналып, елшілік тарапынан Құрмет грамотасына ие болды.
Сондай-ақ ҚХР-ның Үрімжі қаласында да ірі творчестволық сапарда болып, алғыс алып қайтты, бұл туралы Ұйғыр автономиясының белгілі аймақтық газетінің алғашқы бетінде жарық көрген көлемді мақала жарияланды.
Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі - тұғырлы тәуелсіздігіміздің 20-жылдығы қарсаңында арнайы облыс әкімінің шақыртуымен Өскемен, Риддер қалаларында іссапарда болып, шырайлы шығыстық көрермендерге шабыт сыйлап қайтты. Сондай-ақ, театр ұжымы бал тілді балдырған көрермендерді де ұмыт қалдырмай, тәтті ұйқыдан тұрған әр жастағы балаларды ерекше ертегімен қарсы алып жүр. Жас көрермендерге арналған ерекше қойылымдардың бірі - “Керқұла атты Кендебай” халық ертегісінің желісі бойынша жазылған А.Сапышевтың ертегісі. Тұнып жатқан тарихқа толы ертегі кейіпкерін көрген кез келген қазақ баласының Кендебай болғысы келіп кеткені айдан анық (режиссері А.Нұрғамыс).
Театрдың директоры - ҚР Мәдениет қайраткері Азаматов Адай Зейнолдаұлы.

    Театрдың шығармашылық құрамы:
1. Тезекбаев Сагнай - бас дирижер
2.    Муравьева Ольга Александровна  - бас суретші
3.    Камбаров Жумабек Адильгазиевич - әдеби бөлімінің меңгерушісі, ҚР журналистер одағының мүшесі
4.    Согумбаев Олжас Адильгазиевич - әдеби бөлімінің меңгерушісі
5.    Чинкебаева Нурбагила - труппа меңгерушісі  ҚР Мәдениет қайраткері
6.    Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна – балетмейстер, ҚР Мәдениет қайраткері
7.    Обухова Елена Валерьевна – концертмейстер
8.    Оспанова Кымбат Толеугазиевна – аудармашы-суфлер
9.    Баядилова Салтанат Амангельдыевна – кадрлар инспекторы

                             Театр әртістері:
1.    Сакиева Куляш Срымбетовна – ҚР халық әртісі
2.    Жанбырбаев Абылкасым – ҚР халық әртісі
3.    Имаханов Бекен – ҚР халық әртісі
4.    Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна – ҚР еңбек сіңірген әртісі
5.    Ногайбаев Болат Даретбаевич ҚР еңбек сіңірген қайраткері
6.    Абдилденова Куляш Калымовна – ҚР Мәдениет қайраткері
7.    Сыдыков Мырзахан Демесинович – ҚР Мәдениет қайраткері
8.    Манекина Айжан Базартаевна – ҚР Мәдениет қайраткері
9.    Тоймбаева Бакыт Ахметжановна – ҚР Мәдениет қайраткері
10.  Баирова Асем Баймурзиновна – ҚР Мәдениет қайраткері
11.  Ашимбеков Сапарбек – ҚР Мәдениет қайраткері
12.  Тулеков Бауыржан Халыкович – ҚР Мәдениет қайраткері
13.  Муханбетова Шолпан Аскаровна– ҚР Мәдениет қайраткері
14.  Идрисова Даметкен – ҚР Мәдениет қайраткері
15.  Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна
16.  Дарменбаева Галия Казизовна
17.  Бекбаева Сандибала Орткалиевна
18.  Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы
19.  Ахметов Ерен Саменулы
20.  Тулекова Слушаш Нукеновна
21.  Ташимбетов Айтбек Тазабекович
22.  Божанов Кайрат Тойгазинович
23.  Муратханова Назым Муратхановна
24.  Омашев Бекзат Кайркешович
25.  Тураисов Тлекжан Калымжанович
26.  Бакимбаев Думан Есембаевич
27.  Бектенов Ергали Сакенович
28.  Токтаубаев Ерик Серикович
29.  Кабышева Динара Серикказыевна    
30.  Нурланова Асель Талгатовна
31.  Айтжанова Альмира Еркеновна
32.  Альбеков Мейржан Канатбекович

       Оркестр әртістері:
1.    Омаров Муратбек Курманович
2.    Ташкенбаев Нурбек Адамович
3.    Жидебаева Умыт Жакуповна - ҚР Мәдениет қайраткері
4.    Данильченко Леонид Павлович
5.    Гурьев Виктор Валентинович
6.    Рахимжанов Нариман Адылгазинович
7.    Костина Елена Сергеевна
8.    Толеубаев Талгат Ануарович
9.    Пухов Борис Борисович
10.  Тайменов Нурлан Мухаметжанович
11.  Нурканова Айгерим Бекеновна

            Балет әртістері:
1.    Айдарханова Альмира Муталлаповна
2.    Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна - ҚР Мәдениет қайраткері
3.    Умбетжанова Жанат Маратовна
4.    Егизбаева Римма Ерсаиновна
5.    Байсаева Луиза Имрановна
6.    Жунусбекова Зарина Каирмухамедовна

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға