Жаңалықтар

Ертең жастар саясатына қатысты тұжырымдама жобасы қаралады

Ертең Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешовтің қатысуымен «Қазақстан-2020» Болашаққа айқын жол» атты тұжырымдама жобасы жөнінде брифинг өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «Ертең, 5 ақпан күні Білім және ғылым министрлігінде Жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан-2020: Болашаққа айқын жол» атты мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі тұжырымдамасының жобасына қатысты брифинг өтеді», - делінген ақпаратта. Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында осы тұжырымдаманың әзірленіп жатқанын айтқан болатын. «Жаңа саяси және экономикалық бағыт жастарға жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықты болашақ сыйлауды көздейді. Мен жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Жастар жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиісті. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет жастар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Жастардың табысы - ата-ананың табысы, туғандары мен туыстарының табысы, отбасының табысы, барлық отандастардың табысы, біздің Отанымыздың табысы», - деген болатын Елбасы өз Жолдауында. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
04.02.2013 13:25 2603

Ертең Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешовтің қатысуымен «Қазақстан-2020» Болашаққа айқын жол» атты тұжырымдама жобасы жөнінде брифинг өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Ертең, 5 ақпан күні Білім және ғылым министрлігінде Жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан-2020: Болашаққа айқын жол» атты мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі тұжырымдамасының жобасына қатысты брифинг өтеді», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында осы тұжырымдаманың әзірленіп жатқанын айтқан болатын.

«Жаңа саяси және экономикалық бағыт жастарға жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықты болашақ сыйлауды көздейді. Мен жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Жастар жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиісті. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет жастар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Жастардың табысы - ата-ананың табысы, туғандары мен туыстарының табысы, отбасының табысы, барлық отандастардың табысы, біздің Отанымыздың табысы», - деген болатын Елбасы өз Жолдауында.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға