Жаңалықтар

2013 жылы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру мақсатында 3 млрд теңге бөлінбек

2013 жылы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру мақсатында 3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. "Ылғалды үнемдеу технологиясы қолданылатын алқаптарды заманауи ауыл шаруашылығы техникасынсыз кеңейту мүмкін емес екендігі белгілі. 2012 жылы 1,0 мың астық жинайтын комбайн, 1,8 мың трактор, 203 егін егу кешені сатып алынды. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2013 жылдың бюджетінен ауыл шаруашылығы техникасы лизингісінің пайыздық үстеме ақысын субсидиялауға алғаш рет 3 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді А.Мамытбеков. Оның айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жылына 7% үстем ақымен 52 млрд теңге көлемінде лизингтік келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Диана Құлмағанбетова
04.02.2013 13:21 2685

2013 жылы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру мақсатында 3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Ылғалды үнемдеу технологиясы қолданылатын алқаптарды заманауи ауыл шаруашылығы техникасынсыз кеңейту мүмкін емес екендігі белгілі. 2012 жылы 1,0 мың астық жинайтын комбайн, 1,8 мың трактор, 203 егін егу кешені сатып алынды. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2013 жылдың бюджетінен ауыл шаруашылығы техникасы лизингісінің пайыздық үстеме ақысын субсидиялауға алғаш рет 3 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жылына 7% үстем ақымен 52 млрд теңге көлемінде лизингтік келісімшарт жасауға мүмкіндік береді.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға