Жаңалықтар

Мұхтар Құл-Мұхамед: Жолдаудағы міндеттерді орындаймыз

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед министрліктің алдағы жұмысы Жолдаудағы міндеттерді орындауға арналатынын айтты.  Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Жолдауында қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге байланысты бірнеше міндеттер жүктеді. Мәселен, Жолдаудағы «Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз» деген сөзін мысал қылып алуға болады. «Елбасы биылғы Жолдауында қазақ қоғамының барлық мәселелерімен бірге, ұлттық мәдениеттің өсіп өркендеуі, ақпарат кеңістігінің қалыптасып дамуы және мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық саласында қызмет етуі жөнінде нақты тапсырмалар белгіледі тіпті, оның орындалу мерзімін көрсетіп берді. Мінеки, осыған сәйкес біз алдағы уақытта атқаратын жұмысымызды Елбасының осы Жолдауында көрсеткен мақсат-міндеттерді орындауға арнауымыз керек деп есептеймін»,- деді министр. «Сөзімді қорытындылай келе айтарым, Елбасымыз қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге, мемлекеттік тілді дамытуға қажет болған барлық жағдайларды жасады.Әлемдегі ең бәсекеге қабілетті ғимараттар салынып, олар ең жаңа техникамен жарақтандырылды. Заңнама жасалды. Қаражат еселеп өсті. Енді біз Елбасының осы сеніміне лайық қызмет істеуіміз керек», - деп толықтырды Мұхтар Құл-Мұхаммед. BAQ.kz
04.02.2013 12:00 3938

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед министрліктің алдағы жұмысы Жолдаудағы міндеттерді орындауға арналатынын айтты. 

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Жолдауында қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге байланысты бірнеше міндеттер жүктеді. Мәселен, Жолдаудағы «Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз» деген сөзін мысал қылып алуға болады.
«Елбасы биылғы Жолдауында қазақ қоғамының барлық мәселелерімен бірге, ұлттық мәдениеттің өсіп өркендеуі, ақпарат кеңістігінің қалыптасып дамуы және мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық саласында қызмет етуі жөнінде нақты тапсырмалар белгіледі тіпті, оның орындалу мерзімін көрсетіп берді. Мінеки, осыған сәйкес біз алдағы уақытта атқаратын жұмысымызды Елбасының осы Жолдауында көрсеткен мақсат-міндеттерді орындауға арнауымыз керек деп есептеймін»,- деді министр.
«Сөзімді қорытындылай келе айтарым, Елбасымыз қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге, мемлекеттік тілді дамытуға қажет болған барлық жағдайларды жасады.Әлемдегі ең бәсекеге қабілетті ғимараттар салынып, олар ең жаңа техникамен жарақтандырылды. Заңнама жасалды. Қаражат еселеп өсті. Енді біз Елбасының осы сеніміне лайық қызмет істеуіміз керек», - деп толықтырды Мұхтар Құл-Мұхаммед.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға