Өңірлік филармониялар концертті «Қазақстан» ОКЗ-да өткізулері керек – Құл-Мұхаммед
04.02.2013 10:56
3822
Өңірлік филармониялар концертті «Қазақстан» ОКЗ-да өткізулері керек. Бұл жөнінде алқа отырысы кезінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.
«Қазақстан» орталық концерт залы ашылған уақыттан бері ешқандай облыстық филармония осы ОКЗ-да өз гастрольдерін өткізген жоқ. Мұндай зал не үшін салынды? Өңірдегі мәдениет департаменттерінің директорлары қайда қарап отыр? Сіздер өз өңірлеріңіздің мәдени әлеуеті қандай екенін, мәдениет саласында қандай жаңа есімдер пайда болғанын, қандай жас таланттар еңбек етіп жатқанын көрсету керексіздер, сіздерді осы мәселе толғандыру керек, ал біз сіздерге барынша қолдау көрсетуге тиіспіз», – деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қазақ ұлттық музейі ашылады
Келесі жаңалық
Абай облысында су тасқынына дайындық барысы тексерілді