Жаңалықтар

Бүгін - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Қатерлі ісік бүкіл әлемдегі өлім-жітімнің басты себептерінің бірі. 2008 жылы 7,6 миллион адам осы қатерлі сырқаттан көз жұмды, бұл барлық өлім себептерінің 13 пайызын құрайды. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақ» (UICC) бекітті. Халықаралық күннің мақсаты - қазіргі әлемдегі ең қорқынышты кеселдердің бірі ретінде қатерлі ісік туралы ақпараттандыруды арттыру, оған тосқауыл қоюға, анықтауға және емдеуге назарды аударту. Жыл сайын 4 ақпан күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қатерлі ісікке қарсы халықаралық одаққа аталмыш сырқаттың жаһанға келтіріп отырған ауыртпалығымен күресу амалдарын жылжыту үшін қолғабыс көрсетеді. BAQ.kz
04.02.2013 06:02 4232

Қатерлі ісік бүкіл әлемдегі өлім-жітімнің басты себептерінің бірі.

2008 жылы 7,6 миллион адам осы қатерлі сырқаттан көз жұмды, бұл барлық өлім себептерінің 13 пайызын құрайды.

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақ» (UICC) бекітті. Халықаралық күннің мақсаты - қазіргі әлемдегі ең қорқынышты кеселдердің бірі ретінде қатерлі ісік туралы ақпараттандыруды арттыру, оған тосқауыл қоюға, анықтауға және емдеуге назарды аударту.

Жыл сайын 4 ақпан күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қатерлі ісікке қарсы халықаралық одаққа аталмыш сырқаттың жаһанға келтіріп отырған ауыртпалығымен күресу амалдарын жылжыту үшін қолғабыс көрсетеді.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға