Жаңа жылды тойлауда
04.02.2013 06:01
3719
Рим орталығында мыңдаған халық қытай күнтізбесі бойынша белгіленген жаңа жылды тойлай бастады.
Қағаз айдаһар мен дәстүрлі Қытай бишілерінің қатысуымен болған шеру шаһар орталығына ерекше көрініс берді. Ал қойылым 20 минуттық отшашумен аяқталды. Жалпы бұл мейрам шығыс күнтізбесіндегі ең атаулы күндердің бірі болып табылады. Алайда аталған мереке жыл сайын ауысып отырады. Әлемде бір жарым миллиардқа жуық адам қытай жаңа жылын атап өтеді. Бүгінде көптеген қытайлық мерекені саяхаттап жүріп қарсы алғанды қалайды екен. Басым көпшілігі мейрамды Австралия, Италия, Германия немесе Францияда тойлайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Өрмекші адам» 126 метр биіктікке шықты (бейне)