Жаңалықтар

Денсаулық сақтау

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 907 нысан кіреді. 249 амбулаторлық-емхана ұйымдары, 38 емхана, 21 көп бейінді мамандандырылған орталық, 70-тен астам фельдшерлік-амбулаторлық пункт және 462 медициналық пункт халыққа медициналық көмек көрсетеді. Өңірде 109 аурухана, соның 48 ауылдық аурухана жұмыс істейді. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 7107 дәрігер мен 19 мыңнан астам медбике қызмет етеді. Соңғы үш жылда Оңтүстік Қазақстан медицинасы облыстың денсаулық сақтау саласын үдемелі дамыту жобасына айналды. Ол алға қарышты қадам жасағаны соншалықты, көптеген инновациялық әдістер дағдыға айналды. Ал емделушілер ота жасаудың лапороскопиялық әдістеріне, бауырдың бейнееэндоскопиялық резекциясы (тілу), офтальмологияда алыстан көрмеушілік пен диабеттік ретинопатияны лазерлік хирургия жолымен емдеуге таңғалмайды – мұның бәрі шеберлігі шыңдалған Оңтүстік Қазақстандық оташыларға тән ерекшелік. Дәрігерлердің алдына қойылған басты мұрат – адамдардың өмірін құтқару. ОҚО-дағы материалдық-техникалық қамсыздандыру деңгейі, заман талабына сай жаңа жабдықтар қатаң әлемдік стандарттарға сай болуының арқасында жүзеге асты. Мұны Ресейден, Балтика елдерінен, алыс шетелдің ауруханаларынан келген белді медицина қайраткерлерінің барлығы атап өтуде. Дәрігерлердің тәжірибе алмасуы мен олар өткізетін шеберлік дәрістері медицина саласының қызметкерлері өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Шетелдік мамандардың өздері Оңтүстік Қазақстан облысына тек қана тағылым беріп ғана қоймай, тәжірибе алмасу үшін де келетінін атап көрсетеді. Оңтүстік Қазақстандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі өте жоғары. Оңтүстік Қазақстандық медициналық мекемелер басқа өңірлерді басып озып, жаңа инновациялық технологияларды игеріп қана қоймай, көптеген бастамалардың ұйтқысына айналды. Бүгінде Оңтүстікқазақстандықтарға заманауи ауруханалар, медициналық орталықтар мен облыстың маңызы бар диспансерлер желісінде медициналық қызмет көрсетіледі. Облыста: • клиникалық, балалар, офтальмологиялық және туберкулез ауруханалары; • туберкулезге қарсы, онкологиялық, дерматовенерологиялық, психоневрологиялық және эндокринологиялық диспансерлер. • кардиологиялық, перинатальдық, наркологиялық және медициналық ақпараттық-талдама орталықтары, ЖИТС, салауатты өмір салты, ана мен бала, гипербаралы. оксигенация, «Мейірім» сауықтыру, апаттар медицинасы, зарарсыздандыру мен жабдықтау және медициналық мақсаттағы бұйымдар, сабақаттық-диагностикалық орталықтар жұмыс істейді. Облыстың жедел медициналық жәрдем қызметінде 115 бригада жұмыс істейді. Шұғыл көмектің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету үшін жыл сайын арнайы жабдықталған автокөлік сатып алынады, автоматтандырылған навигация жүйесі енгізілді. Медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметтері құрылды. Облыстың акрредиттеуге жататын 162 медициналық ұйымы одан өте сәтті өтті. Небары бес жылдан аз уақыт ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында он шақты заманауи мамандандырылған орталықтар, емханалар мен ауруханалар салынды. Қазіргі заманғы жаңа денсаулық сақтау мекемелерінің арасында Арыс, Отырар және Сайрам аудандарындағы туберкулезге қарсы диспансерлер мен Шымкент қаласындағы облыстың қан орталығы, Ордабасы ауданындағы 500 емделуші қабылдайтын емханасы бар, 240 төсек-орынға есептелген орталық аудандық аурухана, ауысымына 500 келушіге есептелген 2 қалалық емхана, облыстың балалар ауруханасы, Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы ауысымына 200 емделушіні қабылдайтын емханасы бар аудандық аурухана бар. 91 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді. 2012 жылы тағы 22 денсаулық сақтау нысанын күрделі ж.ндеу көзделген. Облыстың кардиорталықтық кардиохирургиялық корпусының пайдалануға берілуі өңір үшін үлкен оқиға болды. Бұл аймақ тұрғындарына облыс пен ел шектерінен шықпай-ақ аса күрделі коронографиялық зерттеулер жүргізуге, тәждік артерияларды стенттеу оталарын, электр жүрек ширатқыштарын орнатуға және ашық жүрекке ота жасауға мүмкіндік берді. Кардиорталықта біліктіліктерін Израильдің, Польшаның, Литваның, Ресейдің жетекші емханаларында ұдайы жетілдіріп тұратын, кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Заманауи диагностикалық жабдықты сатып алудың арқасында онкологиялық аурулардың алдын алу саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта облыста 19 маммограф бар, Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал ауданында және Түркістан қаласында 4 жаңа ауданаралық цитологиялық зертхана құрылды. Туберкулездің алдын алу және ерте анықтау мақсатында 5 қосымша бактериоскопиялық зертхана ашылды. Облыста перинатальдық көмек аймақтандырылып, 3 перинатальдық орталық құрылды. Медикогенетикалық орталық ашылды, 36 саламатты сәби кабинеттерінің жұмысы ұйымдастырылды. Балалық пен босануға көмектесуді ұйымдастыру үшін шала туған нәрестелердің күтіміне арналған шамамен 100 бірлік қымбат жабдық (кювез инкубаторлар, инфузоматтар, электрондық таразылар, фотоемдеу аппараттары) сатып алынды. Осындай игі шаралардың арқасында облыс халқы өмірінің ұзақтығы 69,8 жылға дейін ұзарды, ал республикалық көрсеткіш – 68,8 жыл. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 10:08 5582

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 907 нысан кіреді. 249 амбулаторлық-емхана ұйымдары, 38 емхана, 21 көп бейінді мамандандырылған орталық, 70-тен астам фельдшерлік-амбулаторлық пункт және 462 медициналық пункт халыққа медициналық көмек көрсетеді. Өңірде 109 аурухана, соның 48 ауылдық аурухана жұмыс істейді. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 7107 дәрігер мен 19 мыңнан астам медбике қызмет етеді.

Соңғы үш жылда Оңтүстік Қазақстан медицинасы облыстың денсаулық сақтау саласын үдемелі дамыту жобасына айналды. Ол алға қарышты қадам жасағаны соншалықты, көптеген инновациялық әдістер дағдыға айналды. Ал емделушілер ота жасаудың лапороскопиялық әдістеріне, бауырдың бейнееэндоскопиялық резекциясы (тілу), офтальмологияда алыстан көрмеушілік пен диабеттік ретинопатияны лазерлік хирургия жолымен емдеуге таңғалмайды – мұның бәрі шеберлігі шыңдалған Оңтүстік Қазақстандық оташыларға тән ерекшелік. Дәрігерлердің алдына қойылған басты мұрат – адамдардың өмірін құтқару. ОҚО-дағы материалдық-техникалық қамсыздандыру деңгейі, заман талабына сай жаңа жабдықтар қатаң әлемдік стандарттарға сай болуының арқасында жүзеге асты. Мұны Ресейден, Балтика елдерінен, алыс шетелдің ауруханаларынан келген белді медицина қайраткерлерінің барлығы атап өтуде. Дәрігерлердің тәжірибе алмасуы мен олар өткізетін шеберлік дәрістері медицина саласының қызметкерлері өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Шетелдік мамандардың өздері Оңтүстік Қазақстан облысына тек қана тағылым беріп ғана қоймай, тәжірибе алмасу үшін де келетінін атап көрсетеді. Оңтүстік Қазақстандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі өте жоғары.

Оңтүстік Қазақстандық медициналық мекемелер басқа өңірлерді басып озып, жаңа инновациялық технологияларды игеріп қана қоймай, көптеген бастамалардың ұйтқысына айналды.

Бүгінде Оңтүстікқазақстандықтарға заманауи ауруханалар, медициналық орталықтар мен облыстың маңызы бар диспансерлер желісінде медициналық қызмет көрсетіледі. Облыста:

• клиникалық, балалар, офтальмологиялық және туберкулез ауруханалары;

• туберкулезге қарсы, онкологиялық, дерматовенерологиялық, психоневрологиялық және эндокринологиялық диспансерлер.

• кардиологиялық, перинатальдық, наркологиялық және медициналық ақпараттық-талдама орталықтары, ЖИТС, салауатты өмір салты, ана мен бала, гипербаралы. оксигенация, «Мейірім» сауықтыру, апаттар медицинасы, зарарсыздандыру мен жабдықтау және медициналық мақсаттағы бұйымдар, сабақаттық-диагностикалық орталықтар жұмыс істейді.

Облыстың жедел медициналық жәрдем қызметінде 115 бригада жұмыс істейді. Шұғыл көмектің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету үшін жыл сайын арнайы жабдықталған автокөлік сатып алынады, автоматтандырылған навигация жүйесі енгізілді.

Медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметтері құрылды. Облыстың акрредиттеуге жататын 162 медициналық ұйымы одан өте сәтті өтті. Небары бес жылдан аз уақыт ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында он шақты заманауи мамандандырылған орталықтар, емханалар мен ауруханалар салынды. Қазіргі заманғы жаңа денсаулық сақтау мекемелерінің арасында Арыс, Отырар және Сайрам аудандарындағы туберкулезге қарсы диспансерлер мен Шымкент қаласындағы облыстың қан орталығы, Ордабасы ауданындағы 500 емделуші қабылдайтын емханасы бар, 240 төсек-орынға есептелген орталық аудандық аурухана, ауысымына 500 келушіге есептелген 2 қалалық емхана, облыстың балалар ауруханасы, Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы ауысымына 200 емделушіні қабылдайтын емханасы бар аудандық аурухана бар. 91 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді.

2012 жылы тағы 22 денсаулық сақтау нысанын күрделі ж.ндеу көзделген. Облыстың кардиорталықтық кардиохирургиялық корпусының пайдалануға берілуі өңір үшін үлкен оқиға болды. Бұл аймақ тұрғындарына облыс пен ел шектерінен шықпай-ақ аса күрделі коронографиялық зерттеулер жүргізуге, тәждік артерияларды стенттеу оталарын, электр жүрек ширатқыштарын орнатуға және ашық жүрекке ота жасауға мүмкіндік берді. Кардиорталықта біліктіліктерін Израильдің, Польшаның, Литваның, Ресейдің жетекші емханаларында ұдайы жетілдіріп тұратын, кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Заманауи диагностикалық жабдықты сатып алудың арқасында онкологиялық аурулардың алдын алу саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта облыста 19 маммограф бар, Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал ауданында және Түркістан қаласында 4 жаңа ауданаралық цитологиялық зертхана құрылды. Туберкулездің алдын алу және ерте анықтау мақсатында 5 қосымша бактериоскопиялық зертхана ашылды. Облыста перинатальдық көмек аймақтандырылып, 3 перинатальдық орталық құрылды. Медикогенетикалық орталық ашылды, 36 саламатты сәби кабинеттерінің жұмысы ұйымдастырылды. Балалық пен босануға көмектесуді ұйымдастыру үшін шала туған нәрестелердің күтіміне арналған шамамен 100 бірлік қымбат жабдық (кювез инкубаторлар, инфузоматтар, электрондық таразылар, фотоемдеу аппараттары) сатып алынды. Осындай игі шаралардың арқасында облыс халқы өмірінің ұзақтығы 69,8 жылға дейін ұзарды, ал республикалық көрсеткіш – 68,8 жыл.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға