Жаңалықтар

Көлік және жолаушылар тасымалы

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы барша жолдың жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымға жетеді. Оның 5,1 мыңына тас төселіп, асфальттанған. Облыс орталығы Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистралі бойында орналасқан. Сондай-ақ Ташкент – Шымкент – Тараз, Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара бағытындағы жол айрықтары да Шымкент қаласы арқылы өтеді. Теміржолды қоспағанда аталған жолдар арқылы әр квартал сайын 20 миллион тонна жүк тасымалданады. 2013 жылы аяқталатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің құрамдас бөлігіне айналатын Самара-Шымкент автотрассасы Оңтүстік Қазақстан облысы орталығының негізгі орындарының бірінен саналатын болады. Шымкент қаласымен қатар Түркістан, Кентау, Арыс қалалары да осы жолдың аяқталуын асыға күтіп отыр. Жоғары сапалы бұл жол Қазақстанның өз облыстарын ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азияны өзара жалғастыратын күре жолға айналмақ. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің 448 шақырымы Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы өтеді. Бұл жолды салу кезінде ондаған жаңа көпірлерлер тұрғызылып, осы заманғы көлік жолайрықтары іске қосылады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық және облыстың маңыздағы жолдардың ұзындығы мыңдаған шақырымнан асып жығылады. Республикалық және облыстың бюджеттен бөлініп жатқан миллиардтаған теңге қаржы осы жолдардың елдегі ең сапалы жолға айналдыру үшін жұмсалып жатыр. Шымкент қаласының негізгі бөлігінің жолдарына төбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аудандары бойынша да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Кеншілер қаласы Кентауды қазақтың рухани орталығы Түркістан қаласымен жалғастыратын жаңа жол салынды. Шардара су қоймасының жанынан салынып жатқан Қарасақал-Үштам жолы біртіндеп Жетісай мен Шардараны жалғастыратын болады. Қазақстаның бас қаласы Астана қаласының күніне орай Шымкентте Астана даңғылы ашылды. Ұзындығы 26 шақырым бұл даңғыл таяу болашақта жаңа әкімшілік іскерлік орталық пен Алматы трассасын, әуежайды жалғастыратын болады. Облыста жолаушылар тасымалына күн сайын 2600 автокөлік шығады. Оңтүстік Қазақстан облысының маршруттық торабы 467 маршруттан тұрады.  Оның 145-і қалаішілік (95-і Шымкентте), 167-сі ауданішілік, 157-сі қалааралық және ауданаралық маршруттар болып саналады. 66 жеке тасымалдаушылар жолаушы және жүк тасумен шұғылданады. Облыста барлығы 32 автовокзал мен автостанса болса,  оның 6-уы Шымкент қаласының еншісіне тиеді. 2009 жылы Қазығұрт ауданында «Береке», Сайрам ауданында «Ақсу» және «Ақсукент», Сарыағаш ауданында «Сайран Жібек жолы» және «Ер Дәуіт» автостансалары ашылды. Облыс тұрғындарының өтініші бойынша 4 маршрут – «Шымкент-Арыс, «Түркістан-Қыземшек», «Түркістан-Жетісай» және «Кентау-Жетісай» жаңа маршруттары іске кірісті. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 09:30 5342

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы барша жолдың жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымға жетеді. Оның 5,1 мыңына тас төселіп, асфальттанған. Облыс орталығы Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистралі бойында орналасқан. Сондай-ақ Ташкент – Шымкент – Тараз, Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара бағытындағы жол айрықтары да Шымкент қаласы арқылы өтеді. Теміржолды қоспағанда аталған жолдар арқылы әр квартал сайын 20 миллион тонна жүк тасымалданады.

2013 жылы аяқталатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің құрамдас бөлігіне айналатын Самара-Шымкент автотрассасы Оңтүстік Қазақстан облысы орталығының негізгі орындарының бірінен саналатын болады. Шымкент қаласымен қатар Түркістан, Кентау, Арыс қалалары да осы жолдың аяқталуын асыға күтіп отыр. Жоғары сапалы бұл жол Қазақстанның өз облыстарын ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азияны өзара жалғастыратын күре жолға айналмақ. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің 448 шақырымы Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы өтеді. Бұл жолды салу кезінде ондаған жаңа көпірлерлер тұрғызылып, осы заманғы көлік жолайрықтары іске қосылады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық және облыстың маңыздағы жолдардың ұзындығы мыңдаған шақырымнан асып жығылады. Республикалық және облыстың бюджеттен бөлініп жатқан миллиардтаған теңге қаржы осы жолдардың елдегі ең сапалы жолға айналдыру үшін жұмсалып жатыр. Шымкент қаласының негізгі бөлігінің жолдарына төбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аудандары бойынша да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Кеншілер қаласы Кентауды қазақтың рухани орталығы Түркістан қаласымен жалғастыратын жаңа жол салынды. Шардара су қоймасының жанынан салынып жатқан Қарасақал-Үштам жолы біртіндеп Жетісай мен Шардараны жалғастыратын болады. Қазақстаның бас қаласы Астана қаласының күніне орай Шымкентте Астана даңғылы ашылды. Ұзындығы 26 шақырым бұл даңғыл таяу болашақта жаңа әкімшілік іскерлік орталық пен Алматы трассасын, әуежайды жалғастыратын болады.

Облыста жолаушылар тасымалына күн сайын 2600 автокөлік шығады. Оңтүстік Қазақстан облысының маршруттық торабы 467 маршруттан тұрады.  Оның 145-і қалаішілік (95-і Шымкентте), 167-сі ауданішілік, 157-сі қалааралық және ауданаралық маршруттар болып саналады. 66 жеке тасымалдаушылар жолаушы және жүк тасумен шұғылданады. Облыста барлығы 32 автовокзал мен автостанса болса,  оның 6-уы Шымкент қаласының еншісіне тиеді. 2009 жылы Қазығұрт ауданында «Береке», Сайрам ауданында «Ақсу» және «Ақсукент», Сарыағаш ауданында «Сайран Жібек жолы» және «Ер Дәуіт» автостансалары ашылды. Облыс тұрғындарының өтініші бойынша 4 маршрут – «Шымкент-Арыс, «Түркістан-Қыземшек», «Түркістан-Жетісай» және «Кентау-Жетісай» жаңа маршруттары іске кірісті.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға