Жаңалықтар

Қолайлы инвестициялық климат

Оңтүстік Қазақстан облысы Орта Азия мен Қазақстанда әрқашанда ерекше орын алған. Оның аумағы арқылы өткен сауда жолдары экономикалық қатынастардың дамуына септігін тигізді. Сонымен бірге, қашан болмасын, Оңтүстік ғалымдардың, мәдениет қайраткерлері мен ғұламалардың шоғырланған жері болды. Қазіргі уақытта облыс экономикасына инвестиция тұрақты бөлініп, жұмсалуда. Ақша қаражаттарын тарту инфрақұрылымды одан әрі дамытып, жұмысшы күші нарығын құрады, көлік және коммуникация қызметтерінің сапасын жақсартады, банктік және қаржылық қызметтердің деңгейін көтереді. Ұзақ мерзімді жоспарлау мен оны табысты жүзеге асыру ішкі нарықты қанағаттандыруға арналған жаңа тауарлар өндірісі мен қызметтерді ұйымдастыруға, экспортты арттырып, импортты қысқартуға; қосымша жұмыс орындарын құруға; жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды игеруге; маркетинг пен менеджменттің өздік әдістерін меңгеруге көмектеседі. Тиімді көліктік-экономикалық жағдай, еңбек ресурсының молдығы, заманауи телекоммуникация желісі, шектес мемлекеттерге тез және шұғыл шығу Оңтүстік Қазақстан облысында отандық кәсіпкерлер үшін де, шетелдік кәсіпкерлер үшін де қолайлы инвестициялық жағдай жасайды. 2010 жылы облыс аумағында бұрынғы фосфор зауытының негізінде индустриялық аймақ құрылды, оның негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарын құру. Индустриялық аймақта 17 жоба іске асырылуда, оларға құйылған инвестицияның жалпы сомасы 9,6 миллиард теңге құрады. Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық технопаркінің негізінде фосфат шикізатына бейімделген медициналық және тамақ өнімдері, сондай-ақ фермерлерге арналған әмбебап жер өңдеу (мелиорациялық) құралы өндірісі басталды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылық дақылдарын қорғауға арналған «коллоидтық күкірт» дәрісін алу технологиясы, автоклавсыз көбік-бетон технологиясы ойластырылып, дамытылуда. 2010 жылы Шымкент қаласында, Төле би, Сайрам, Ордабасы және Мақтаарал аудандарында шетелдердің жоғары технологиялары қолданылатын жаңа кәсіпорындар пайдалануға берілді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен Шымкентте сауда-логистика орталығын, қаптау материалдарын, жоғары сапалы қағаз бен целлюлоза, жуғыш заттар мен косметикалық бұйымдар, сондай-ақ құрылыс бояуларын өндіретін зауыттар салу жөніндегі инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Түрік іскерлері «Оңтүстік» АЭА-да Lеvi’s маркалы джинсы бұйымдарын өндіретін фабрика, Шымкент пен Түркістан қалаларында бес жұлдызды мейманханалар, Шымкент қаласында қоқыс өңдеу зауыты, «Шымкент әуежайы» АҚ терминалы құрылысын қаржыландыруда. Ирандық «Мараб» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысында құс фабрикасын, ирандық «Behdasht Kar i.n.c» компаниясы фармацевтикалық зауыт салуды жоспарлап отыр. Жақын келешекте өңірде бірқатар жаңа заманауи өнеркәсіп орындары мен инновациялық кәсіпорындар (орталықтар) іске қосылады. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 09:20 4837

Оңтүстік Қазақстан облысы Орта Азия мен Қазақстанда әрқашанда ерекше орын алған. Оның аумағы арқылы өткен сауда жолдары экономикалық қатынастардың дамуына септігін тигізді. Сонымен бірге, қашан болмасын, Оңтүстік ғалымдардың, мәдениет қайраткерлері мен ғұламалардың шоғырланған жері болды.

Қазіргі уақытта облыс экономикасына инвестиция тұрақты бөлініп, жұмсалуда. Ақша қаражаттарын тарту инфрақұрылымды одан әрі дамытып, жұмысшы күші нарығын құрады, көлік және коммуникация қызметтерінің сапасын жақсартады, банктік және қаржылық қызметтердің деңгейін көтереді. Ұзақ мерзімді жоспарлау мен оны табысты жүзеге асыру ішкі нарықты қанағаттандыруға арналған жаңа тауарлар өндірісі мен қызметтерді ұйымдастыруға, экспортты арттырып, импортты қысқартуға; қосымша жұмыс орындарын құруға; жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды игеруге; маркетинг пен менеджменттің өздік әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Тиімді көліктік-экономикалық жағдай, еңбек ресурсының молдығы, заманауи телекоммуникация желісі, шектес мемлекеттерге тез және шұғыл шығу Оңтүстік Қазақстан облысында отандық кәсіпкерлер үшін де, шетелдік кәсіпкерлер үшін де қолайлы инвестициялық жағдай жасайды.

2010 жылы облыс аумағында бұрынғы фосфор зауытының негізінде индустриялық аймақ құрылды, оның негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарын құру. Индустриялық аймақта 17 жоба іске асырылуда, оларға құйылған инвестицияның жалпы сомасы 9,6 миллиард теңге құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық технопаркінің негізінде фосфат шикізатына бейімделген медициналық және тамақ өнімдері, сондай-ақ фермерлерге арналған әмбебап жер өңдеу (мелиорациялық) құралы өндірісі басталды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылық дақылдарын қорғауға арналған «коллоидтық күкірт» дәрісін алу технологиясы, автоклавсыз көбік-бетон технологиясы ойластырылып, дамытылуда. 2010 жылы Шымкент қаласында, Төле би, Сайрам, Ордабасы және Мақтаарал аудандарында шетелдердің жоғары технологиялары қолданылатын жаңа кәсіпорындар пайдалануға берілді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен Шымкентте сауда-логистика орталығын, қаптау материалдарын, жоғары сапалы қағаз бен целлюлоза, жуғыш заттар мен косметикалық бұйымдар, сондай-ақ құрылыс бояуларын өндіретін зауыттар салу жөніндегі инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.

Түрік іскерлері «Оңтүстік» АЭА-да Lеvi’s маркалы джинсы бұйымдарын өндіретін фабрика, Шымкент пен Түркістан қалаларында бес жұлдызды мейманханалар, Шымкент қаласында қоқыс өңдеу зауыты, «Шымкент әуежайы» АҚ терминалы құрылысын қаржыландыруда. Ирандық «Мараб» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысында құс фабрикасын, ирандық «Behdasht Kar i.n.c» компаниясы фармацевтикалық зауыт салуды жоспарлап отыр. Жақын келешекте өңірде бірқатар жаңа заманауи өнеркәсіп орындары мен инновациялық кәсіпорындар (орталықтар) іске қосылады.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға