Жаңалықтар

Қазіргі Шымкент

Қазіргі Шымкент тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, республика бойынша да аса ірі мәдени және өндірістік орталық болып саналады. Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассоциациясы 2011 жылы Шымкент қаласын «ТМД елдерінің өздік қаласы» деп таныды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маңызы жағынан алғанда Шымкент қаласы республика бойынша үшінші орында тұрғанын атап өтті. 2012 жылдың 6 шілдесі Шымкент үшін Қазақстанның бас қаласы – Астана күнінің мерекесі ретінде ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысына тағы бір айрықша күн ретінде есте қалды. Өйткені дәл осы күні «Нұрсат» ықшам ауданында Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы басталды. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес бұл орталыққа облыстың және қалалық әкімшіліктердің барлық департаменттері мен басқармалары және тағы да басқа ресми құрылымдары орналасатын болады. Астана даңғылы мен Сейдолла Бәйтереков көшелерінің қиылысында «Астана – халқымыздың жүрегі» деп аталатын мәрмәрдан жасалған монументалді ескерткіш композициясы қойылған. Жалпы ұзындығы 60 метр, биіктігі 7 метр композицияның ортасындағы барельефте Қазақстанның бас қаласының негізгі нысандары бедерленген. Екінші бетіне «Астана даңғылы» деп жазылған. Жаңа орталыққа облыс әкімдігі мен мәслихаты, облыстың орталы. кітапхана, облыстың орыс драма театры, облыстың «Түркістан» салтанат сарайы, 720 оқушыға арналған химия-биология бағытындағы интеллектуалдық мектеп және 5000 адамдық орталық мешіт орналасатын болады. Ал Астана даңғылының жанынан көлемі 150 га жерді алып жатқан жасыл бақ бой түземек. Салынатын ғимараттардың барлығы өзіндік ерекшеліктермен жасалып, осы заманғы келбетімен дараланбақ. Архитекторлардың ізденісі Шымкент қаласының іскерлік орталығын атыназаты сай қылуға бағытталды. Бұл орталық келешекте қаланың дамуына жаңа серпін беретіні анық. Қазіргі уақытта Шымкент «миллион тұрғыны бар қала» санатына қосылуға сәт сайын жақындап келеді. Аталған әкімшілік-іскерлік орталыққа 900 мың шаршы метрге жететін тұрғын-үй құрылысы салынатын болады. Әкімшілік-іскерлік орталық «Нұрсат» ықшам ауданына қарай бағыт алады. Соңғы жылдары мұнда сапалы тұрғын үйлерден өзге қан орталығы, балалар ауруханасы, әйелдер босанатын үй секілді тағы да бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтерді. Жаңа құрылыс жыл өткен сайын жанданып, жанындағы бақ ғажайып демалыс орнына айналатын болады. Қазір шетелдік сегіз қала Шымкентпен бауырлас қала болып саналады. Олар: Могилев (Белоруссия),Стивенэйдж (Ұлыбритания), Измир (Түркия), Стамбул (Түркия), Адана (Түркия), Патайя (Таиланд), Гроссето (Италия), Байинь (Қытай), Ходженд (Тәжікстан). Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 08:10 6647

Қазіргі Шымкент тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, республика бойынша да аса ірі мәдени және өндірістік орталық болып саналады. Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассоциациясы 2011 жылы Шымкент қаласын «ТМД елдерінің өздік қаласы» деп таныды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маңызы жағынан алғанда Шымкент қаласы республика бойынша үшінші орында тұрғанын атап өтті.

2012 жылдың 6 шілдесі Шымкент үшін Қазақстанның бас қаласы – Астана күнінің мерекесі ретінде ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысына тағы бір айрықша күн ретінде есте қалды. Өйткені дәл осы күні «Нұрсат» ықшам ауданында Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы басталды. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес бұл орталыққа облыстың және қалалық әкімшіліктердің барлық департаменттері мен басқармалары және тағы да басқа ресми құрылымдары орналасатын болады. Астана даңғылы мен Сейдолла Бәйтереков көшелерінің қиылысында «Астана – халқымыздың жүрегі» деп аталатын мәрмәрдан жасалған монументалді ескерткіш композициясы қойылған. Жалпы ұзындығы 60 метр, биіктігі 7 метр композицияның ортасындағы барельефте Қазақстанның бас қаласының негізгі нысандары бедерленген. Екінші бетіне «Астана даңғылы» деп жазылған.

Жаңа орталыққа облыс әкімдігі мен мәслихаты, облыстың орталы. кітапхана, облыстың орыс драма театры, облыстың «Түркістан» салтанат сарайы, 720 оқушыға арналған химия-биология бағытындағы интеллектуалдық мектеп және 5000 адамдық орталық мешіт орналасатын болады. Ал Астана даңғылының жанынан көлемі 150 га жерді алып жатқан жасыл бақ бой түземек. Салынатын ғимараттардың барлығы өзіндік ерекшеліктермен жасалып, осы заманғы келбетімен дараланбақ. Архитекторлардың ізденісі Шымкент қаласының іскерлік орталығын атыназаты сай қылуға бағытталды. Бұл орталық келешекте қаланың дамуына жаңа серпін беретіні анық.

Қазіргі уақытта Шымкент «миллион тұрғыны бар қала» санатына қосылуға сәт сайын жақындап келеді. Аталған әкімшілік-іскерлік орталыққа 900 мың шаршы метрге жететін тұрғын-үй құрылысы салынатын болады. Әкімшілік-іскерлік орталық «Нұрсат» ықшам ауданына қарай бағыт алады. Соңғы жылдары мұнда сапалы тұрғын үйлерден өзге қан орталығы, балалар ауруханасы, әйелдер босанатын үй секілді тағы да бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтерді. Жаңа құрылыс жыл өткен сайын жанданып, жанындағы бақ ғажайып демалыс орнына айналатын болады.

Қазір шетелдік сегіз қала Шымкентпен бауырлас қала болып саналады. Олар: Могилев (Белоруссия),Стивенэйдж (Ұлыбритания), Измир (Түркия), Стамбул (Түркия), Адана (Түркия), Патайя (Таиланд), Гроссето (Италия), Байинь (Қытай), Ходженд (Тәжікстан).

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға