Жаңалықтар

Жалпы мәліметтер

Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Шымкент қаласы Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Бадам мен Сайрамсу өзендерінің аралығында теңіз деңгейінен 506 м биіктікте, жер бедері жағынан сүйектен өтер жел өтінен таса қазаншұқырдағы Шымкент өңірі агроклиматы жағынан алғанда қуаң таулы аймаққа жатады. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз, орташа температурасы –5 – 10°С. Күз бен көктем айлары қоңыр салқын, орташа температурасы 20°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақ желді болады. Шілде айының жылдың орташа температурасы – +35+45°С. Тарихшылар арасында бүгінге дейін Шымкент атауының шығуына байланысты түрлі пікірталастар бар. Кейбірі Шымкент туралы кездесетін түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «баубақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» деп түсіндіреді. Бұл нұсқа бойынша Шымкент түркінің «шым» және парсының «кент» – қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа пікірлерде қала атауы соғдының (иранның) «чиминь-чемень», яғни көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны береді. Шымкентті үлкен бәйтерекпен салыстыруға болады. Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында осы маңда ең алғаш қоныстанушылармен қатар тамырлап, жапырағын жайған кәрі ағаштар бар. Тап осы ағаштар сияқты қала да басынан түрлі тағдырды басынан кешірді. Ғалымдар қаланың пайда болып, тіршілік етуіне 800 жылдай болған деп есептейді. Қала Ұлы Жібек жолының бойында пайда болып, Қазақстанның оңтүстігін Орта Азиямен, Орта және қиыр Шығыспен, Түркістанмен, Қытаймен байланыстырды. Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болды. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшырады. Моңғол шапқыншылығынан кейін Шымкент Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астына өтті. Ақ Орда және Алтын Орда хандарымен жүрген соғыстар нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кірді. XV ғасырдың басынан XVIII ғасырдың жартысына дейін Шымкентті жоңғар басқыншылары тонады. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі – жер өңдеу мен бау-бақша және қолөнері өркендеген аймақ болып қала берді. Қазіргі Шымкент аймағын б.з. V-VI ғасырда-ақ елдің қоныстана бастағанына ғалымдар бірнеше дәлел келтіреді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы болып құрылған сәтте Шымкент қаладан гөрі үлкендеу ауылға көбірек ұқсайтын еді. XX ғасырдың басында қалада 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын цех, 26 диірмен жұмыс жасады. 1914 жылы қалаға Черняев аты беріліп, кейіннен 1924 жылы бұрынғы атауы қайтарылды. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 08:08 6359

Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Шымкент қаласы Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Бадам мен Сайрамсу өзендерінің аралығында теңіз деңгейінен 506 м биіктікте, жер бедері жағынан сүйектен өтер жел өтінен таса қазаншұқырдағы Шымкент өңірі агроклиматы жағынан алғанда қуаң таулы аймаққа жатады. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз, орташа температурасы –5 – 10°С. Күз бен көктем айлары қоңыр салқын, орташа температурасы 20°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақ желді болады. Шілде айының жылдың орташа температурасы – +35+45°С.

Тарихшылар арасында бүгінге дейін Шымкент атауының шығуына байланысты түрлі пікірталастар бар. Кейбірі Шымкент туралы кездесетін түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «баубақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» деп түсіндіреді. Бұл нұсқа бойынша Шымкент түркінің «шым» және парсының «кент» – қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа пікірлерде қала атауы соғдының (иранның) «чиминь-чемень», яғни көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны береді.

Шымкентті үлкен бәйтерекпен салыстыруға болады. Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында осы маңда ең алғаш қоныстанушылармен қатар тамырлап, жапырағын жайған кәрі ағаштар бар. Тап осы ағаштар сияқты қала да басынан түрлі тағдырды басынан кешірді. Ғалымдар қаланың пайда болып, тіршілік етуіне 800 жылдай болған деп есептейді. Қала Ұлы Жібек жолының бойында пайда болып, Қазақстанның оңтүстігін Орта Азиямен, Орта және қиыр Шығыспен, Түркістанмен, Қытаймен байланыстырды.

Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болды. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшырады. Моңғол шапқыншылығынан кейін Шымкент Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астына өтті. Ақ Орда және Алтын Орда хандарымен жүрген соғыстар нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кірді. XV ғасырдың басынан XVIII ғасырдың жартысына дейін Шымкентті жоңғар басқыншылары тонады. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі – жер өңдеу мен бау-бақша және қолөнері өркендеген аймақ болып қала берді.

Қазіргі Шымкент аймағын б.з. V-VI ғасырда-ақ елдің қоныстана бастағанына ғалымдар бірнеше дәлел келтіреді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы болып құрылған сәтте Шымкент қаладан гөрі үлкендеу ауылға көбірек ұқсайтын еді. XX ғасырдың басында қалада 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын цех, 26 диірмен жұмыс жасады. 1914 жылы қалаға Черняев аты беріліп, кейіннен 1924 жылы бұрынғы атауы қайтарылды.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға