Жаңалықтар

Қабырхана

Қожа Ахмет Йасауи қабырханасы бір жағы 7,15 м шаршы бөлме. Қабырғаларының орта тұсында терең емес ойықтарының жоғары бөлігі қазандықтағыдай оймышты сталактиттермен безендірілген. Реставрациялық жұмыстар барысында қабырхана күмбезінің астында орналасқан сылақ бетінде бояулы ою-өрнек пен эпиграфика қалдықтарының бары анықталды. Қабырғалардың төменгі бөлігінде алты қырлы жасыл түсті сырлы қыштармен қапталған панель бар. Ең қызықтысы, көне кашинды қаптамаларда қабырғаға тіке қарағанда көрінбейтін, бірақ қырынан қарағанда байқалатын орта бөлігінде өсімдік өрнекті медальон мен шетіне жақын сызықшалар бар. Панель мозаикалық бордюрмен қоршалып, бұрыштары жылтыр қою көк ұстыншалармен қапталған. Қабырғаның төменгі жақында өсімдік өрнек түскен тас белдеу өтеді. Қабырхана еденінде ауданы 4,7 х 3,8 м, биіктігі 46-48 см күйдірген кірпіштен төртбұрышты орын жасалған. Оның шығыс жақында, қабырхананың нақ ортасында Қожа Ахмет Йасауидің текпішекті үстіңгі бөлігі шағын арка іспетті болып аяқталатын құлпытасы тұр. Оның беті жылтыр, ақ, сары және қара жолақтары бар түсі бозғылт жасыл серпентинит тақталарымен көмкерілген. Құлпытастың 1,05 х 2,94 м іргесі биіктігі 14 см қысқа жағы – 1,2 м, ұзын жағы – 3,1 м ағаш кесінділермен бекітілген. Бұрыштар әшекейлі темір қапсырмалармен бекітілген. Құлпытастың жалпы биіктігі 1,85 м, кейбір бөліктері оймыштап өрнектелген. Құлпытастың шығыңқы бөлігіне сталактиттер үлгісіндегі өрнек түскен, солтүстік бұрыштары бұрама бағаналармен, Оңтүстік бұрыштары цилиндрлік бағаналармен әшекейленген. Бұрын құлпытас үсті арнайы маталармен көмкерілген болатын. Олардың арасында, өрнектерінің ерекшеліктеріне қарағанда ХV ғасырға жататын мата үлгісінде жазулар ізі сақталған. Құлпытасты айнала қола шырағдандар (олардың бір бөлігі Темірдің кесенеге сыйға тартқандары) қойылған. Қабырхана ішіндегі төртбұрышты көтерменің Оңтүстік-батыс бөлігінде Қожа Ахметтің әйелі мен ұлы Ибраһимшах қабырлері орналасқан. Бөлме үстіне екі қабат күмбез орнатылған. Ганчтан жасалған өрнекті әшекей қабырхана төбесін жауып тұрған төменгі күмбезді жасырып тұр. Сырттай қабырхана төбесіне биік барабан үстінде тұрған сәнді көп қатпарлы (52 қатпар) күмбез орнатылған. Қожа Ахмет Йасауи қабырханасының сыртқы күмбезінің диаметрі 10 м. Қабырханаға солтүстіктен байырғы заманда жоғары лауазым иелері кірген көркем безендірілген Мұхаммед Ханафийа деп аталатын портал жасалған. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 06:34 3557

Қожа Ахмет Йасауи қабырханасы бір жағы 7,15 м шаршы бөлме. Қабырғаларының орта тұсында терең емес ойықтарының жоғары бөлігі қазандықтағыдай оймышты сталактиттермен безендірілген. Реставрациялық жұмыстар барысында қабырхана күмбезінің астында орналасқан сылақ бетінде бояулы ою-өрнек пен эпиграфика қалдықтарының бары анықталды. Қабырғалардың төменгі бөлігінде алты қырлы жасыл түсті сырлы қыштармен қапталған панель бар. Ең қызықтысы, көне кашинды қаптамаларда қабырғаға тіке қарағанда көрінбейтін, бірақ қырынан қарағанда байқалатын орта бөлігінде өсімдік өрнекті медальон мен шетіне жақын сызықшалар бар. Панель мозаикалық бордюрмен қоршалып, бұрыштары жылтыр қою көк ұстыншалармен қапталған. Қабырғаның төменгі жақында өсімдік өрнек түскен тас белдеу өтеді.

Қабырхана еденінде ауданы 4,7 х 3,8 м, биіктігі 46-48 см күйдірген кірпіштен төртбұрышты орын жасалған. Оның шығыс жақында, қабырхананың нақ ортасында Қожа Ахмет Йасауидің текпішекті үстіңгі бөлігі шағын арка іспетті болып аяқталатын құлпытасы тұр. Оның беті жылтыр, ақ, сары және қара жолақтары бар түсі бозғылт жасыл серпентинит тақталарымен көмкерілген. Құлпытастың 1,05 х 2,94 м іргесі биіктігі 14 см қысқа жағы – 1,2 м, ұзын жағы – 3,1 м ағаш кесінділермен бекітілген. Бұрыштар әшекейлі темір қапсырмалармен бекітілген. Құлпытастың жалпы биіктігі 1,85 м, кейбір бөліктері оймыштап өрнектелген. Құлпытастың шығыңқы бөлігіне сталактиттер үлгісіндегі өрнек түскен, солтүстік бұрыштары бұрама бағаналармен, Оңтүстік бұрыштары цилиндрлік бағаналармен әшекейленген. Бұрын құлпытас үсті арнайы маталармен көмкерілген болатын. Олардың арасында, өрнектерінің ерекшеліктеріне қарағанда ХV ғасырға жататын мата үлгісінде жазулар ізі сақталған. Құлпытасты айнала қола шырағдандар (олардың бір бөлігі Темірдің кесенеге сыйға тартқандары) қойылған. Қабырхана ішіндегі төртбұрышты көтерменің Оңтүстік-батыс бөлігінде Қожа Ахметтің әйелі мен ұлы Ибраһимшах қабырлері орналасқан.

Бөлме үстіне екі қабат күмбез орнатылған. Ганчтан жасалған өрнекті әшекей қабырхана төбесін жауып тұрған төменгі күмбезді жасырып тұр. Сырттай қабырхана төбесіне биік барабан үстінде тұрған сәнді көп қатпарлы (52 қатпар) күмбез орнатылған. Қожа Ахмет Йасауи қабырханасының сыртқы күмбезінің диаметрі 10 м. Қабырханаға солтүстіктен байырғы заманда жоғары лауазым иелері кірген көркем безендірілген Мұхаммед Ханафийа деп аталатын портал жасалған.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға