Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысы жылдары

Өңір тарихының жеке тармағы – Ұлы Отан соғысы жылдары. Оңтүстік Қазақстаннан майданға аттанған 47 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, 9-ы 1, 2 және 3 дәрежелі Даңқ ордендерінің кавалерлері атанды. Облыс майданды азық-түлікпен, қару-жарақпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Мамандардың есептеулері бойынша, майданда атылған 10 оқтың 7-еуі Шымкент қорғасынынан құйылды. Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің аса маңызды ауылшаруашылық аймағына айналды. Ол майданды, Орал, Сібір және Еділ бойының ірі өнеркәсіп орталықтарын астықпен, маймен, жүнмен қамтамасыз етті. Майданға жеміс-жидектер мен көкөністер жіберіп отырды. Соғыс жылдарында облыс Отанымызға 2 млн. пұт ет, 800 мың литр сүт, 100 мың ірі қара мал және 1 млн-нан астам қой және ешкі терісін, 44 мың 80 пұт жүн, 2 млн. 120 мың пұт астық берді. Мамандардың есебі бойынша, облыс тапсырған мақтадан тоқылған матамен Қызыл Армияның 7 млн. жауынгерін киіндіруге болатын еді. 1942 ж. маусымында облыс еңбекшілері Ленинград тұрғындарына 287 бас мал, 160 ц шұжық, 35 ц мал майын және 80 ц өсімдік майын, 120 ц ұн, 270 ц жеміс қағы мен көкөніс, 30 ц жаңғақ, 170 ц кондитер өнімдерін, 560 л шарап жіберді. Оңтүстік Қазақстанның көптеген тұрғыны Жеңіске өз үлестерін қосты. Мысалы, атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов еңбекшілер арасында түрлі спорттық өнер көрсету жолымен 100 мың сом жинап, оны Амангелді Иманов атындағы жеке ұшақ жасауға берді. Жауынгерлік техника құрылысына «Ақтас» колхозының төрағасы Б. Оңдасынов өзінің жеке жинаған қаражатынан 166 мың сом, «Бірлік» колхозының төрағасы А.Жүсіпов 65 мың сом, «Қызылабад» колхозының төрағасы М. Ізбасаров 170 мың сом өткізді. Өңірге бүкіл Кеңес Одағынан ондаған өнеркәсіптің көшірілуі Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін күрт арттырды. Соғыстың алғашқы айларында-ақ 26 кәсіпорын көшірілді, олардың 14-і Шымкентке орналастырылды. Бұл – Воронеждік пресс-автоматтар зауыты, Подольск прокат құю зауытының жабдығы, Киевтен келген Свердлов атындағы химия-фармацевтикалық зауыты, Мәскеу алколоид зауыты, Кременчуг қалалық электр станциясы, шұлық және айна фабрикалары, Харьковтік «Червонный проминь» тігін артелі және т.б. Кәсіпорындардың қалған бөлігі аудандарға орналастырылды. Шыны зауыты – Қаратас (қазіргі Қазығұрт) ауданындағы «Күйік» кеңшарына, трактор шеберханасының жабдығы – Сайрам ауданына, электр станциясының жабдығы – Түркістан ауданына, Краснополянск мақта иіру фабрикасы «Пахтаарал» мақта кеңшарына орналастырылды. Олардың барлығы түрлі саланы. 255 ірі және орта өнеркәсіп орындарының негізін қалады. Зауыттар мен фабрикалардағы жұмысшылардың саны 20 мың адамнан асты. Соғыс жылдары облыстың ең көне кәсіпорны – Шымкент химфармзауытының (қазіргі «Химфарм» А.) стратегиялық маңызы ерекше болды. Ол 1885 жылы салынып, сол замандағы ең ірі өнеркәсіп орны болып есептелді. Ол кезде мұнда ақ жусан (дермене) – тек қана Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс өзенінің аңғарында өсетін дәрілік шөп өңделді. Зауыт күні-түні толассыз жұмыс істеп, майданға дәрі-дәрмек – морфин, кодеин, анабазин, сапонин жеткізді. Соғыс жылдары зауыт дәрі-дәрмектің 24 түрін шығарды. Тек қана 1942 жылы 25 миллион дәке шығарды. Облысқа КСРО Сәулет академиясы, әлемдік экономика және саясат институты, География институты, Бүкілодақтық дәрілік шөптердің ғылыми-зерттеу институты, мұнда Моссовет атындағы театр да көшірілді. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 06:25 7842

Өңір тарихының жеке тармағы – Ұлы Отан соғысы жылдары. Оңтүстік Қазақстаннан майданға аттанған 47 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, 9-ы 1, 2 және 3 дәрежелі Даңқ ордендерінің кавалерлері атанды. Облыс майданды азық-түлікпен, қару-жарақпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Мамандардың есептеулері бойынша, майданда атылған 10 оқтың 7-еуі Шымкент қорғасынынан құйылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің аса маңызды ауылшаруашылық аймағына айналды. Ол майданды, Орал, Сібір және Еділ бойының ірі өнеркәсіп орталықтарын астықпен, маймен, жүнмен қамтамасыз етті. Майданға жеміс-жидектер мен көкөністер жіберіп отырды. Соғыс жылдарында облыс Отанымызға 2 млн. пұт ет, 800 мың литр сүт, 100 мың ірі қара мал және 1 млн-нан астам қой және ешкі терісін, 44 мың 80 пұт жүн, 2 млн. 120 мың пұт астық берді.

Мамандардың есебі бойынша, облыс тапсырған мақтадан тоқылған матамен Қызыл Армияның 7 млн. жауынгерін киіндіруге болатын еді.

1942 ж. маусымында облыс еңбекшілері Ленинград тұрғындарына 287 бас мал, 160 ц шұжық, 35 ц мал майын және 80 ц өсімдік майын, 120 ц ұн, 270 ц жеміс қағы мен көкөніс, 30 ц жаңғақ, 170 ц кондитер өнімдерін, 560 л шарап жіберді.

Оңтүстік Қазақстанның көптеген тұрғыны Жеңіске өз үлестерін қосты. Мысалы, атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов еңбекшілер арасында түрлі спорттық өнер көрсету жолымен 100 мың сом жинап, оны Амангелді Иманов атындағы жеке ұшақ жасауға берді. Жауынгерлік техника құрылысына «Ақтас» колхозының төрағасы Б. Оңдасынов өзінің жеке жинаған қаражатынан 166 мың сом, «Бірлік» колхозының төрағасы А.Жүсіпов 65 мың сом, «Қызылабад» колхозының төрағасы М. Ізбасаров 170 мың сом өткізді.

Өңірге бүкіл Кеңес Одағынан ондаған өнеркәсіптің көшірілуі Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін күрт арттырды. Соғыстың алғашқы айларында-ақ 26 кәсіпорын көшірілді, олардың 14-і Шымкентке орналастырылды. Бұл – Воронеждік пресс-автоматтар зауыты, Подольск прокат құю зауытының жабдығы, Киевтен келген Свердлов атындағы химия-фармацевтикалық зауыты, Мәскеу алколоид зауыты, Кременчуг қалалық электр станциясы, шұлық және айна фабрикалары, Харьковтік «Червонный проминь» тігін артелі және т.б. Кәсіпорындардың қалған бөлігі аудандарға орналастырылды. Шыны зауыты – Қаратас (қазіргі Қазығұрт) ауданындағы «Күйік» кеңшарына, трактор шеберханасының жабдығы – Сайрам ауданына, электр станциясының жабдығы – Түркістан ауданына, Краснополянск мақта иіру фабрикасы «Пахтаарал» мақта кеңшарына орналастырылды. Олардың барлығы түрлі саланы. 255 ірі және орта өнеркәсіп орындарының негізін қалады. Зауыттар мен фабрикалардағы жұмысшылардың саны 20 мың адамнан асты. Соғыс жылдары облыстың ең көне кәсіпорны – Шымкент химфармзауытының (қазіргі «Химфарм» А.) стратегиялық маңызы ерекше болды. Ол 1885 жылы салынып, сол замандағы ең ірі өнеркәсіп орны болып есептелді. Ол кезде мұнда ақ жусан (дермене) – тек қана Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс өзенінің аңғарында өсетін дәрілік шөп өңделді. Зауыт күні-түні толассыз жұмыс істеп, майданға дәрі-дәрмек – морфин, кодеин, анабазин, сапонин жеткізді. Соғыс жылдары зауыт дәрі-дәрмектің 24 түрін шығарды. Тек қана 1942 жылы 25 миллион дәке шығарды. Облысқа КСРО Сәулет академиясы, әлемдік экономика және саясат институты, География институты, Бүкілодақтық дәрілік шөптердің ғылыми-зерттеу институты, мұнда Моссовет атындағы театр да көшірілді.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға